Оқиға

Түнгі шапқыншылық: ОҚО-да 350 мың теңге тоналмақ болған

© Photo : Пресс-служба ДВД ЮКООҚО ауылда букмекерлік контораға жасалған қарақшылық ашылды
ОҚО ауылда букмекерлік контораға жасалған қарақшылық ашылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ОҚО 1987, 1990, 1991 және 1998 жылғы төрт тұрғыны ұсталынып, олардан 30 мыңнан астам теңге алынды.

АСТАНА, 24 қаз — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауылда полицейлер букмекерлік контораға жасалған қарақшылық ашылды деп хабарлады Отырар аудандық ішкі істер бөлімінің баспасөз қызметі.

17 қазан күні түнде Отырар АІІБ кезекші бөлімшесіне Шәуілдір аулының букмекерлік контораларының біріне қарақшылық шабуыл жасалғаны хабарланған. 

Полицейлер анықтауынша, 23:30 кезінде маска киген үш қыз букмекерлік контораға басып кіріп, қызметкерлерге пышақ сияқты затпен қоқан-лоққы көрсетіп, кассадан 350 мың теңге алып кеткен.

Нәтижесінде ОҚО 1987, 1990, 1991 және 1998 жылғы төрт тұрғыны ұсталынып, олардан 30 мыңнан астам теңге алынды. 

Бұл факт Отырар АІІБ  сот алды тергеудің бірыңғай реестріне тіркеліп, ҚР ҚК "Қарақшылық" 192-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот алды тергеу ісі жүргізілуде. 

Жаңалықтар
0