Әлем

Дипломатиялық қызмет: Мальтада құлаған ұшақта ЕО өкілдері болмаған

© AP Photo Еуроодақ туы
Еуроодақ туы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еуроодақтың шетелдік істер бойынша жоғары өкілі Федерика Могерини оқиға желсін бақылап отыр.

АСТАНА, 24 қаз — Sputnik.  Жеңілмоторлы ұшақ дүйсенбі күні Мальтада құлаған. Бортта Еуроодақ институттары мен құрылымдарының өкілдері болуы мүмкін деп хабарланған болатын. Еуропалық сыртқы саясат қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей рублі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ресейде МИ-8 апатынан қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төленеді

"Бүгін таңертең Мальтада болған ұшақ апаты туралы жаңалықтарға қатысты айтарымыз, бортта Еуропалық Одақ өкілдері болмаған. Ұшақтың да Еуропалық Одақтың қандай да бір қызметіне қатысы жоқ", — делінген ЕССҚ мәлімдемесінде.

Құжатта қаза болғандардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтылған. 

Еуроодақ дипломатиялық қызметі айтып өткендей, еуропалық дипломатия басшысы Федерика Могерини мальталық билік өкілдерімен хабарласып, оқиға желісін бақылап отыр. 

 

Жаңалықтар
0