Спорт

"Астана" ФК үшінші рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанды

© Photo : ФК "Астана""Астана" ФК жанкүйерлері
Астана ФК жанкүйерлері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордалық футболшылар көкшетаулық "Оқжетпеспен" тең ойын көрсетті.

АСТАНА, 26 қаз — Sputnik. "Астана" Футбол клубы сәрсенбі күні көшпелі ойында көкшетаулық "Оқжетпеспен" тең түсіп, қазақстандық премьер-лигада үшінші рет қатарынан ресми түрде чемпиондықты рәсімдеді. 

Бұл матч алдында "Астана" алматылық "Қайраттан" үш ұпайға алда болған. 29 қазанда сенбі күні өтетін соңғы тур қарсаңында алматылықтарды жеткізбей кету үшін, оған "Оқжетпеспен" тең ойын көрсетсе болғаны еді.

Елордалық клуб бұған қол жеткізді: Көкшетаудағы матч тең ойынмен аяқталды. Бұл ретте Астана бұл матчты жеңе алатын еді, бірақ ойынның 34-ші минутында Рохер Каньяс пенальтимен  гол сала алмады. 85-ші минутта судьялар қонақтардың шабуылшысы Кабанангидың голын алып тастады. 


Жаңалықтар
0