Өңірлер

Жарылысқа ұқсаған дыбыс павлодарлықтардың үрейін ұшырды

© Sputnik / Баубек КоныровПавлодар қаласы
Павлодар қаласы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желі пайдаланушылары әрүрлі болжам жасады.

АСТАНА, 26 қаз — Sputnik. Жарылысқа ұқсаған дыбыс павлодарлықтардың үрейін ұшырды, деп хабарлайды Sputnik тілшісі. Сағат 14 шамасында қатты дыбыс шықты, ол қаланың көптеген ауданында, сонымен қатар қала маңындағы ауылдар мен Ақсу қаласында естілді. Павлодарлықтардың көліктерінде сигнализация ойнап, кейбір пәтерлердің терезелері дірілдеді. 

Әлеуметтік желі пайдаланушылары не болғаны туралы әртүрлі болжам айта бастады. Жер сілкінісі, өндірістік апат, тіпті ұшақ құлады деген де болжамдар жасалды.  

 

Ешқандай апат, жарылыс және катаклизма болмаған екен. Павлодарлықтардың үрейін ұшырған дыбысты қаланың үстінен ұшып өткен жойғыштар шығарған болып шықты. 

Облыстық қорғаныс департаментінің хабарлауынша, Қазақстан мен Ресей шекарасында ұрыс авиациясы жұмылдырылған әскери оқу жаттығулар өтіп жатыр. 


Жаңалықтар
0