Оқиға

Алматы-1 т/ж вокзалында пойыздардың кешіктірілуі коллапс туғызды

© Photo : Facebook / Олеся НамАлматы-1 т/ж вокзалындағы көліктік коллапс
Алматы-1 т/ж вокзалындағы көліктік коллапс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенбілік коллапстан кейін Алматы-1 темір жол вокзалында жағдай қалпына келтірілуде, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ.

АСТАНА, 13 қар — Sputnik. Алматы-1 т/ж вокзалында пойыздардың кешіктірілуіне байланысты пойыз күтіп отырғандар уақытылы кете алмаған, салдарынан вокзал ғимаратында адамдар көптеп жиналып қалды, деп жазады әлеуметтік желі пайдаланушылары. 

"20:18 — пойыз жөнелетін уақыт. 21:22 – "Назар аударыңыздар Алматы-… жүрдек пойызы 1сағат 40 минутқа кешіктірілуде", — деп жазады Facebook пайдаланушысы Рауан Имангалиев. 

"Қазіргі уақытта күйеуім мен анам Алматы-1 вокзалында. 20.46-да сол жақтан "Бәйтерек" пойызы шығуға тиіс болатын. Бірақ басқа да көптеген пойыздар секілді шықпай отыр. Вокзал ғимаратында нағыз коллапс. Мұны вокзалдың маңында жолдармен бір нәрсе болды деп түсіндірді. Апат, бұзылу, түсініксіз. Адамдар шыға алмай жатыр! Отыратын орын жоқ. Анамның пойызы қашан шығатыны белгісіз", — деп жазады басқа әлеуметтік желі пайдаланушысы Олеся Нам.  

"Алматы-1-ден кеше кешігіп кеткен пойыздар, қысқартып жатыр, бірақ кешігулер бар. (Вокзалда халық) ондай көп емес, ол кеше болатын, пойыздар тоқтап тұрған. Бүгін пойыздар аздап кесте бойынша кіріп жатыр. Кеше жолдардағы жөндеуге байланысты кешіктірулер болған", — деп түсіндірді "Жолаушылар тасымалы" АҚ жедел жұмыс жөніндегі қызметте. 


Жаңалықтар
0