Оқиға

Алты жасар Виканың туған-туыстарына мәйітті жеткізуге көмек көрсетіледі

© Sputnik / Табылды КадырбековАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
21 қараша күні алты жасар Вика есін жимастан көз жұмды. Қыздың ағзасына өмірін сақтап тұрған аппараттар әсер етпей қалды.

АСТАНА, 22 қар – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімшілігі Ақтауда қаныпезердің қолынан зардап шеккен қыздың туған-туыстарына мәйітті жеткізуге көмектеседі деп хабарлады бала құқығы бойынша уәкілетті Зағипа Балиева орталық коммуникациялар қызметі брифингінде.

"Виканың жерлеу рәсіміне келер болсақ, жергілікті атқарушы орган, облыс әкімінің орынбасары бұл мәселемен айналысып жатыр. Астана қаласының әкімшілігі де жәрдемдескенін білесіздер: Вика ауруханада жатқан кезде оларға баспана тауып берді… Олар да қалыс қалмайды деп ойлаймын. Бәріміз де бұл іске жұмыламыз. Әкімшілік қана емес, біз де көмектесеміз, өйткені, біз оны санавиация арқылы алып келген болсақ, бұған да қаражат бөлінген деген сөз. Қазір бұл "жүк 200", оны ұшаққа алмайтын болса, біз пойызбен жеткізуге келісіп көреміз. Себебі жүктің ұшақпен келуіне адамдардың бәрі келісе бермейді. Кеше бұл хабарды ести салысымен, бәріміз қамдана бастадық", — деді Балиева БАҚ сұрағына жауап беріп.

UMC баспасөз хатшысының сөзіне сүйенсек, қыз бала ауруханада барлығы 87 тәулік жатқан. Бұл уақыт аралығында АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Израиль, Польша елдерінің білікті мамандарының қатысуымен бірнеше мәрте консультация жүргізілді. Ағзасына аппараттар әсері тоқтағанға дейін қыздың өмірін арнайы аппараттар сақтап тұрды. 

Жаңалықтар
0