Саясат

Ерлан Ыдырысов Ұлыбритания королевасына сенім грамоталарын тапсырды

© Photo : министерство иностранных дел Республики КазахстанЕрлан Ыдырысов пен Елизавета ІІ
Ерлан Ыдырысов пен Елизавета ІІ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесу барысында Қазақстан елшісі екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде дамып жатқандығын атап өтті

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов Елизваета ІІ королеваға сенім грамтоталарын ұсынды деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ерлан Ыдырысов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Ерлан Ыдырысов Ұлыбританиядағы елші болып тағайындалды

Букингем сарайында болған салтанат барысында Ыдырысов Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Елизавета ІІ королеваны тақта отырғанына 65 жыл толуымен құттықтап, сенім грамоталарын ұсынды.

Кездесу барысында Қазақстан елшісі екі ел арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде дамып жатқандығын атап өтті. 

Елизавета ІІ Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы байланысты әрі қарай кеңейту мен нығайтудың маңыздылығына назар аударды.   

Жаңалықтар
0