Қоғам

Юрий Пак 15 күннен соң бостандыққа шығады

© SputnikЮрий Пак
Юрий Пак - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Юрий Пак бомба туралы жалған хабар бергенін мойындап, жасаған ісіне өкінді

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Сот Юрий Пактің адвокаты Сергей Кимнің өтелмеген жаза мерзімін айыппұлмен төлеу туралы өтінішін қанағаттандырды.

Сот шешімі 15 күннен соң күшіне енеді.

Юрий Пак - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Юрий Пак колонияда қатты ауырып қалды

"Бүгін Қарағанды облысы Абай аудандық соты сотталған Юрий Пактің өтелмеген жаза мерзімін жеңілдету туралы өтінішін қарады. Сот отырысында Пак Юрий айыбын мойындап, жасаған қылмысы үшін өкінді. Сот өтінішті қанағаттандырды. Өтелмеген жаза мерзімі 170742 теңге көлеміндегі айыппұлға алмастырылды", — деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі басшысы Гүлбаршын Жітікова.

Телефон терроризмін тергеу барысында қарағандылық мектептің бұрынғы мұғалімі куәгер болудан бастап, негізгі күдіктіге дейін айналған.

Юрий Пак өткен жылы қазанда жалған терроризм үшін екі жылға сотталып, жазасын Қарағанды облысы Қарабас ауылындағы жалпы тәртіпті колонияда өтеп жатқан еді. 10 наурызда рақымшылыққа байланысты жаза мерзімі төрттен бірге қысқартылды. Ал тәуелсіз сараптама бойынша Пактің бомба туралы қоңырауға мүлдем қатысы жоқ болып шыққан.

Жаңалықтар
0