Саясат

Елбасы Испания Королі VI Фелипемен кездесті

© Photo : Ақорда ресми сайтыНұрсұлтан Назарбаев Испания Королі VI Фелипемен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі VI Фелипемен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Испания Короліне Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы жан-жақты қолдауы, сондай-ақ халықаралық аренадағы ниеттестігі үшін алғыс айтты

АСТАНА, 10 маусым — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі VI Фелипемен кездесті, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Филипп VI - Sputnik Қазақстан
Саясат
Испания королі Филипп VI Астанаға келді

Мемлекет басшысы Испания Королі VI Фелипені Қазақстанға бірінші рет ресми сапармен келуімен құттықтады.

"Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап Испания біз үшін жақын ел болды. Ұлы тарихы мен мәдениеті қалыптасқан Испаниямен достық қарым-қатынаста болғанымызды мақтан тұтамыз. Осы ынтымақтастықтың негізі Король І Хуан Карлостың тұсында қаланды", — деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Испания Короліне Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы жан-жақты қолдауы, сондай-ақ халықаралық аренадағы ниеттестігі үшін алғыс айтты.

"Сіздер Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында төраға болуымызға, сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымызға қолдау білдірдіңіздер. Біз ынтымақтастығымызды одан әрі жалғастыруға дайынбыз", — деді Мемлекет басшысы.

Испания Королі Қазақстан Президентіне қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтып, елімізді халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесінің ашылуымен құттықтады.

© Photo : Ақорда бапасөз қызметіНұрсұлтан Назарбаев Испания Королі VI Фелипемен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі VI Фелипемен кездесті - Sputnik Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі VI Фелипемен кездесті

"Менің сапарымның Астанада "ЭКСПО-2017" көрмесінің таңғажайып ашылу рәсіміне тұспа-тұс келуі — зор мәртебе. Сізді осындай ұлы оқиғамен құттықтаймын", — деді VI Фелипе.

Жаңалықтар
0