Оқиға

Алматыда жүк көлігінің астында жол опырылды

© Photo : из соцсетейАлматыда жүк көлігінің астында жол опырылды
Алматыда жүк көлігінің астында жол опырылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға барысы түсірілген бейне Желіде таралып кетті

 АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Желіде су таситын жүк көлігінің астында жолдың опырылып түскені жайындағы бейне таралды. kris-p almaty тобында жарияланған бейне кадрда жүк көлігінің астындағы асфальттың опырылып түскені анық көрінеді.

 "Асқаров бойында кеңсенің жанында асфальт опырылды", — деп мәлімдейді бейне камераға түсіруші куәгер. 

Одан кейін жүк көлігі арнайы техника көмегімен эвакуацияланды. Бұл ретте айта кететін жайт, Алматыда бірнеше күннен бері жаңбыр жауып жатыр. Оқиға орнында жақын уақытта құбыр салу жұмыстары жүргізілген болатын. 



Жаңалықтар
0