Қоғам

СІМ: Нью-Йорктағы терактіде қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ

© AP Photo / Craig RuttleНью-Йорктегі терактіде қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ
Нью-Йорктегі терактіде қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Теракт салдарынан 8 адам қаза болып, 10-нан астам адам жараланды

АСТАНА, 1 қараша — Sputnik. Нью-Йорктегі терактіде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов. 

Нью-Йоркта теракт - Sputnik Қазақстан
Әлем
Нью-Йоркта теракт жасаған Өзбекстан тумасы хат жазып қалдырған

"Осы уақытқа дейін бар мəліметтер бойынша, Нью-Йорк қаласында жүк көлігі бір топ жаяу жүргіншілерді басып кетуінің салдарынан қаза тапқандардың және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ.Қазақстандық дипломаттар осы ахуалды бақылауды жалғастыруда", — деп хабарлады Жайнақов. 

Сейсенбі күндіз Манхэттенде қаскөй бірнеше көше велосипедшілер жүретін жолмен жүк көлігін айдап, жол бойы алдынан шыққандарды басып, одан соң мектеп автобусына соғылады. Осыдан кейін пейнтболға арналған қаруымен далаға шыққан жүргізушіге полиция оқ атады. Күдікті ауруханаға жеткізілген. 


Соңғы мәліметтер бойынша теракт салдарынан 8 адам қаза болып, 10-нан астам адам жараланды. 

Нью-Йорктегі терактіні 29 жастағы Өзбекстан тумасы Сейфулло Саипов жасағаны хабарланды. 
Жаңалықтар
0