Қоғам

Қазақстандықтар виртуалды карта арқылы елге саяхат жасай алады

© Photo : Орталық коммуникациялар қызметіАндрей Хазбулатов
Андрей Хазбулатов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның виртуалды картасы қазан айында Парижде таныстырылды

АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Қазақстанның виртуалды картасын әзірледі. Оның көмегімен қазақстандықтар  3D-тур форматында еліміздің барлық өңіріне саяхат жасай алады. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де "Жаңа Ұлы Жібек жолы" халықаралық экспедициясына арналған баспасөз конференцияда институт директоры Андрей Хазбулатов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Ұлы Жібек жолы 2018" экспедициясының жобасы "Рухани жаңғыру" ұлттық бағдарламасымен сабақтасып жатыр. Біздің институт экспедиция маршрутына Ұлы Жібек жолы дәуірінен бері сақталған тарихи ескерткіштерді енгізу бағытында үлкен жұмыс атқарды. Жоба аясында Қазақстанның қасиетті орындарын насихаттау, киелі жерлер туралы ғылыми-көпшілік фильмдер циклын, "Қазақстанның қасиетті белдеуі" атласын шығару жоспарланып отыр", — деді Хазбулатов. 

Оның айтуынша, мәдениет институты Қазақстанның виртуалды картасын қазан айында Парижде таныстырды. Карта арқылы кез келген адам туған елге саяхат жасай алады.

Поляк саяхатшысы және зерттеуші Яцек Палкевич - Sputnik Қазақстан
Экономика
"Жібек жолы" сауда маркасы Coca-Cola мен Disney-ден де асып түседі – поляк саяхатшысы

"Қазіргі таңда мәдениет институты Қазақстанның виртуалды картасын әзірледі. Осы жылдың қазан айында ол Парижде, ЮНЕСКО штабында таныстырылды. Қазір картаның контентін толықтыру жұмыстары жүріп жатыр. Картаның көмегімен 3D-тур форматында Қазақстанның түкпір-түкпіріне саяхат жасауға болады. Жыл бойы ғылыми қызметкерлеріміз өңірлерді зерттеп, қажетті өлшем жүргізіп, тарихи деректерді қайта тексеріп нақтылады. Мұның бәрі біздің тарихымыздан сыр шертетін мәдени ескерткіштердің тізімін анықтау үшін жасалып отыр. Сондықтан институттың ғылыми қызметкерлерін экспедиция құрамына қосу жоспарлап отырмыз", — деді ол. 

Хазбулатов халықаралық экспедиция жаңа нысандарды ашуға, қолға алынған ғылыми жобалары толықтыруға, сондай-ақ Виртуальды картаға қосымша ескерткіштер енгізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жаңалықтар
0