Өңірлер

Ақтау әкімі тағайындалды

© ИА Новости-Казахстан, Баубек Коныров"Актау" қонақ үйі
Актау қонақ үйі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаланы өткен жылдың шілдесінен бері басқарған Серікбай Тұрымов облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Ғалымжан Ниязов Ақтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Жаңа басшыны қала активіне Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов таныстырды, деп хабарлайды lada.kz. 

Нұрлан Сауранбаев (сол жақта) Шымкент әкімі болып  тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкенттің жаңа әкімі тағайындалды
Ғалымжан Мұқырұлы Ниязов 1973 жылдың 14 сәуірінде туған. Бұдан бұрын «СК-Фармация» ЖШС департамент директоры лауазымын атқарған. Үйленген, төрт баласы бар.  

Ақтау қаласын 2016 жылдың 10 шілдесінен бастап Серікбай Тұрымов басқарған болатын. Ол қазанда №6 округ бойынша облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды. Ал Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы лауазымына 22 қарашада сайланды.    

Айта кетейік, Тәуелсіздік жылдары Ақтау әкімі қызметіне жеті адам тағайындалды.  


Жаңалықтар
0