Спорт

Нұрсұлтанов Топ-100 үздік боксшылар қатарына қосылды

Жазылу
Қазақстандық боксшы америкалық Эрик Мунды жеңген соң, 102-орыннан 92-орынға көтерілді

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов BoxRec бойынша Топ-100 үздік боксшылар қатарына қосылды.

Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Нұрсұлтанов жеңілмеген америкалықты нокаутқа жіберді

Орташа салмақта рингке шығып жүрген спортшы бұл рейтингте 102-орында болатын, алайда Нью-Йорктегі Madison Square Garden шаршы алаңындағы сәтті жекпе-жегінен соң 92-орынға көтерілген.

Жуырда Нұрсұлтанов америкалық Эрик Мунды техникалық нокаутпен екінші раундта жеңіп, кәсіби рингте бесінші рет жеңімпаз атанды. 

BoxRec рейтингінің көшбасшыларының бірі, қазақстандық боксшы – Геннадий Головкин. Ол тізімде екінші орынды иеленді. Төрт чемпиондық белдігі болса да, GGG Cауль Альварестан төмен тұр.

Жаңалықтар
0