Мәдениет

Қайрат Түнтеков ән байқауында 3,5 миллион теңге жеңіп алды

CC0 / Pexels / Микрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әнші I'm a singer Kazakhstan конкурсының бас жүлдесін иеленді

АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық әнші Қайрат Түнтеков I'm a singer Kazakhstan конкурсында жеңімпаз атанды. Бұл туралы  жобаның продюсері әрі сарапшысы Алуа Қонарова Instagram-дағы парақшасында хабарлады. 

 

 

"Im A Singer Kazakhstan мега шоуында Қайрат Түнтеков жеңіске жетті. Екінші орынды DollarWong, үшінші орынды Жанғали Әбішев иеленді", — деп жазды ол.   

 

Димаш Құдайбергенов  Евразия кинофестивалінде - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Димаш Құдайберген Қытайда "Жылдың ең үздік əншісі" атанды
Финалда Қайрат Маржан Арапбаевамен бірге Майкл Джексонның Earth Song әнін орындады. Бас жүлдеге 3,5 миллион теңгенің сертификаты табысталды. Жеңімпаз анықталғаннан кейін финалға шыққан әншілер жаңажылдық Happy new year әнін орындады. 

Ән байқауы 31 арнадан көрсетілді.  

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда өткен "Singer-2017" байқауында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов талантымен күллі әлемді тәнті етіп, екінші орынды иеленген болатын.   


Жаңалықтар
0