Оқиға

Астананың сол жағалауында көлік өртенді

© Photo : pixabay.comЖанып жатқан көлік
Жанып жатқан көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көліктен шыққан өрттен ешкім зардап шеккен жоқ

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Астанада жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы.

Ведомство мәліметінше, 18 қаңтарда таңғы 8.38 кезінде Мәңгілік ел және Тұрар Рысқұлов көшелері қиылысында Daewoo Nexia көлігі өртенгені белгілі болды. Оқиға орнына өрт қызметінің екі көлігі аттанған. Өрт 15 минутта сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Хабарламада аталып өткендей, қалалық орталық аптасына жеті күн 24 сағат бойы істейді, телефон нөмірі – 109, әлеуметтік желідегі хештег — #astana109.

Жаңалықтар
0