Қоғам

Щучьеде салынып жатқан шаңғы трамплині мамырда іске қосылуы мүмкін

© Sputnik / Анатолий УстиненкоДүниежүзілік қар күні, архивтегі фото
Дүниежүзілік қар күні, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құрылыс осы жылдың екінші тоқсанына аяқталады деп жоспарланған

АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Шучьедегі республикалық шаңғы спорты базасының құрылысына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Шымбұлақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымбұлақ тау шаңғы шипажайы қызметінің қымбаттауы алматылықтарды ашуландырды
"Бұл шынымен спорттың дамуы үшін бірегей әлемдік орталық болмақ. Онда республикалық спорт мектебі орналасады. Құрылыс мерзімінің аяқталуы 2018 жылдың екінші тоқсанына белгіленіп отыр. Менің ойымша, мамыр-маусым айларында біз аталған нысанды пайдалануға береміз"», — деп мәлімдеді министр үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатынан кейін. 

Ведомство басшысы трамплиннің құрылысына қатысты әр ұсыныс назарға алынғанын атап өтті. 

"Бұл нысанның құрылысына халықаралық санаттағы жетекші мамандар тартылды, қысқы спорт түрлеріне тікелей жауапты мамандар шақырылды. ХОК, халықаралық федерациялар комитетінің өкілдері құрылыс жоспарына жоғары баға берді", — деді Мұхамедиұлы.

Жаңалықтар
0