Спорт

Головкин – Мартиросян жекпе-жегі Қазақстанда көрсетілмеуі мүмкін

CC0 / / Теледидар пульті
Теледидар пульті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкиннің алдағы жекпе-жегін 151 ел көрсетеді, бірақ олардың арасында Қазақстан жоқ

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Қазақстандық бокс сүйер қауым орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) жекпе-жегін көре алмауы мүмкін, деп хабарлады Sports.kz. 

Геннадий Головкин и Ванес Мартиросян - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин мен Мартиросян қанша табыс табатыны белгілі болды

5 мамырда (Қазақстанда 6 мамыр таңертең) Головкин Карсонда (АҚШ, Калифорния штаты) америкалық боксшы Ванес Мартиросянға (36-3-1, 21 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. 

GGG-дің ВКонтактедегі ресми парақшасындағы мәлімет бойынша, қазіргі таңда бұл жекпе-жекті көрсету құқығын 151 ел сатып алған, бұл ресми мәлімет. Айта кетейік, жергілікті телеарналармен келіссөздер жүргізіліп жатқанына қарамастан бұл тізімде Қазақстан жоқ.  

Головкин — Мартиросян жекпе-жегі жексенбі күні Астана уақытымен сағат 09:00-де басталады.  


Жаңалықтар
0