Спорт

"Ұлыбританияның ең нашар боксшысы" Головкинге тіл тигізді

© AP Photo / John LocherГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Робин бұған дейін GGG-ді "әйелге" теңеп, Билли Джоны нағыз чемпион деп есептейтінін айтқан еді

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik.  "Ұлыбританияның ең нашар боксшысы" деген атқа ие болған Робин Дикин (55 жекпе-жектің екеуінде ғана жеңіске жеткен) твиттерде тағы да арандатушы пост жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Головкинге Астана әкімі болу үшін Қазақстанға оралатын кез келді"

Онда ол отандасы Билли Джо Сондерске үн қатып, қазақстандық Геннадий Головкин туралы дөрекі сөз айтқан.

"Мен әжетхана емеспін, үздіктермен айқастым, сондықтан Билли Джо Сондерс менің салмағымда болғанда онымен жұдырықтасушы едім. Билли, сен P4P королі боласың, ал Геннадий Головкин – әжетхана", — деп жазды Дикин.

Осылайша ол Сондерсті жоспарланған жекпе-жектен бас тартқаны үшін әжетханаға теңеген Мартин Мюррейдің сөзіне астарлап жауап берді.   

Бұған дейін Робин GGG-ді "әйел" деп атап, Билли Джоны нағыз чемпион деп есептейтінін айтқан еді.  


Жаңалықтар
0