Әлем

Келісім әлі де күшінде: орындамаған қай тарап?

© Sputnik / Виктор ТолочкоАрхивное фото письменных принадлежностей
Архивное фото письменных принадлежностей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ бірінші болып ракетаға қарсы қорғаныс жүйесі жөніндегі келісімшарттан шығып, ережені бұзған және ол туралы ешкімге ештеңе түсіндіруді қажет деп санамаған

Sputnik радиосының эфирінде әскери сарапшы әрі саясаттанушы Иван Коновалов Ресей ядролық қарумен байланысты тәжірибелік сынақ жасады деп АҚШ-тың күдіктенуіне қатысты мәлімдеменің себептерін түсіндірді.

АҚШ мемлекеттік департаментінің конгресске берген жылдық есебінде Ресей ядролық қарумен байланысты тәжірибе жүргізуі мүмкін деп айтылған.

"АҚШ Ресейді атом энергиясын шығаруға себеп болатын ядролық қарумен байланысты тәжірибелер өткізді деп санайды", – делінген құжатта.

Солай десек те, мемлекеттік департамент 2019 жылы Ресейде осындай тәжірибелер өткізгені туралы ақпараттың жоқтығын атап өткен.

"Ресей ядролық энергия жарылғыш контейнерден босатылатындай жолмен тәжірибе жүргізген болуы мүмкін. Ал бұл Ресейдің келісім бойынша хабардар ету міндеттемелеріне қатысты алаңдаушылық туғызады", – деп нақтылады сыртқы істер министрлігі.

Ядерное  топливо - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қытаймен бірлескен жоба: Қазақстанда ядролық отын өндіру зауыты салынып жатыр
Сондай-ақ, ол жерде 1974 жылғы КСРО мен АҚШ арасындағы ядролық тәжірибелер мен жерасты ядролық қаруын сынауды шектеу туралы келісіміне сәйкес Мәскеу Вашингтонға хабарлау міндеттемесін толық сақтамауы мүмкін деп алаңдаушылық білдірген.  

Мемлекеттік департамент ұстанымы бойынша, Вашингтон келісімшарт хаттамасына сәйкес тәжірибелерге тексеру жүргізуі үшін, Мәскеу осындай тәжірибелер туралы ескертуі тиіс. Солай десек те, АҚШ Ресейді келісімді бұзды деп айыптамайды.

Sputnik радиосының эфирінде саясаттанушы, әскери сарапшы, Стратегиялық жағдайлар орталығының директоры Иван Коновалов бұл тұжырымға қатысты түсініктеме беріп, АҚШ мейлінше барлық саладағы ынтымақтастықтан айырылғанын мәлімдеді.

"Біз ең болмағанда ядролық полигонда өзара таза әріптестікті сақтауды ұсындық, алайда Дональд Трамп АҚШ-тың ядролық әлеуетін қайта тексеру  туралы жариялады. Бұл жөнінде не айтуға болады? Америкалықтар қайтадан ядролық сойылды қолға алуда. Мұндай жағдайда келесі келісім оларға ауыр тиетіндіктен, одан арылғысы келеді де, бұрынғы схеманы қолданады.

Олар бірінші болып ракетаға қарсы қорғаныс жүйесі жөніндегі келісімшарттан шығып, ережені бұзды және бұл туралы ешкімге ештеңе түсіндіруді қажет деп санамады. Содан кейін Ресей әлсіз болғандықтан, бәріне келісімін береді деп есептеді. Соның өзінде ойдағыдай болмады да, басқаша схемалар ойлап табуға мәжбүр болды", – дейді Коновалов.

1974 жылғы КСРО мен АҚШ арасындағы ядролық тәжірибелер мен жерасты ядролық қаруын сынауды шектеу туралы келісімі жерасты ядролық сынақтарының қуатын шектейді, сонымен қатар келісімнің сақталуын өзара бақылау жүйесін қарастырады. Бұл келісім бойынша Ресей мен АҚШ арасында ақпарат алмасу хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Жаңалықтар
0