ҚЫЗЫЛОРДА, 26 маусым — Sputnik. Байқоңыр қаласының әкімшілігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артуына байланысты қатаң карантинге жабу туралы шешім қабылдады.
"Біз наурыз айында енгізілген шараларға оралу туралы шешім қабылдадық", - деді қаланың ресйелік әкімшілігінің басшысы Бусыгин.
Оның айтуынша, сол кездегі шаралар вирустың таралмауына көмектескен. Сондықтан 5 шілдеге дейін бұл шара қайта енгізіледі.
Тұрғындарға тек таңғы алтыдан кешкі тоғызға дейін ғана шығуға болады.
Шаштараз, сұлулық салондары мен көлік жуу орындарының жұмыс уақыты шектеулі болады.