Аңдатпа

Қазақстанда 4 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды города Нур-Султан зимой
Виды города Нур-Султан зимой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 4-15 желтоқсан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

4 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 - 13.00 – "Әділ сөз" қоры журналистер мен блогерлерге үшін вебинар өткізеді. Онда сіз қандай жағдайда теріске шығару туралы талап заңсыз болып есептелетінін; сотқа дейінгі талапқа жауап беру қажет пе; сот процесінде қандай дәлелдер қажет; "моральдық шығын" дегеніміз не және ол сотта қалай дәлелденетінін білесіз. Қатысқысы келетіндер бұл туралы алдымен +7 727 313 1473, 8 707 700 1322 телефондары немесе info@adilsoz.kz поштасы арқылы хабарлап, байланыс мәліметтерін қалдыруы керек.

12.00 – "Менің салған суретім" қуыршақ балеті (Нұр-Сұлтан қаласының қуыршақ театры).

16.00 - SputnikPro білім беру жобасының "Жаңалықтар суретін қалай дұрыс түсіруге болады: құпиялар мен үздік ракурстар" тақырыбындағы онлайн сессиясы. Оны "Россия сегодня" медиа тобының арнайы фототілшісі, "Спорттық оқиғалар" номинациясы бойынша World Press Photo-2016 лауреаты, түрлі халықаралық және ресейлік фотобайқаулардың жеңімпазы, жүлдегері және қазылар алқасының мүшесі Владимир Песня жүргізеді. Жобаға қатысушылар қазіргі заманда фототілшінің жұмысы не себепті қиындап бара жатқанын, сапалы фотосуреттер түсіріп, бәсекеге қабілетті болу жолдарын біледі. Модульге қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелу керек.

8 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 - Алтыншы шақырылған Алматы қаласы мәслихатының сессиясы бейнеконференц-байланыс режимінде өтеді. Күн тәртібі – Алматы қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті. Бандамашы – Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасының бастығы Батанов Алмас Сұлтанұлы.

9 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 - " Ғажайып сол сәт әлі есте..."концерті.  "Астана Опера" театры ресейлік және шетелдік композиторлардың вокалды миниатюралары шырқалатын "Романс тарихы" жаңа топтамасын ұсынады (Қонаева көшесі, 1)

11 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

10.00 - Алтыншы шақырылған Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясы Zоm сервисінің бейнеконференц-байланыс алаңында өтеді. 

Сессияның қарауына мынадай мәселелер ұсынылады:

  • Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру бағдарламасы;
  • 2021-2023 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласының бюджеті;
  • Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты хатшысының 2020 жылы атқарылған жұмыс туралы есебі;
  • мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі;
  • жер учаскелерін мемлекет қажеттілігі үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе басқа жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы келісімдердің жобалары.

12 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Күлбике" балеті, "Астана Балет" театры (Ұлы Дала даңғылы, 9)

15 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Жас Абай" драмасының премьерасы. Режиссер – Нұрлан Жұманиязов (Nomad City Hall, байланыс телефоны: +7 775 284 02 96)  

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0