Аңдатпа

Қазақстанда 10 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевСолнце просвечивает сквозь ажурную конструкцию Байтерека
Солнце просвечивает сквозь ажурную конструкцию Байтерека - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 10-15 желтоқсан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

11 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

09.00 - Үкімет отырысы. 2020 жылдың қаңтар-қараша айларындағы республикалық бюджеттің орындалуы мен әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралады. Тікелей трансляция PrimeMinister.kz сайты, Mail.KZ және Aitube.kz порталы, YouTube ресми каналы мен әлеуметтік желілерде көрсетіледі.

Алматы

19.00 - "Встреча друзей" авторлық әндер кеші ("Дом на Барибаева", Бәрібаев көшесі, 36).

11 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

10.00 - Алтыншы шақырылған Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясы Zооm сервисінің бейнеконференция байланыс алаңында өтеді.

Сессияның қарауына мынадай мәселелер ұсынылады:

  • Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру бағдарламасы;
  • 2021-2023 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласының бюджеті;
  • Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты хатшысының 2020 жылы атқарылған жұмыс туралы есебі;
  • мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі;
  • жер учаскелерін мемлекет қажеттілігі үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе басқа жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы келісімдердің жобалары.

12 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

18.00 – "Күлбике" балеті, "Астана Балет" театры (Ұлы Дала даңғылы, 9).

Алматы

19.00 – ARTиШОК ұсынатын "Бетховен MUTE" жобасы (Гоголь көшесі, 40).

15 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Жас Абай" драмасының премьерасы. Режиссер – Нұрлан Жұманиязов (Nomad City Hall, байланыс телефоны: +7 775 284 02 96) 

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0