Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан коронавирустың "қызыл" аймағына енді

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках переходят дорогу зимой в Нур-Султане
Люди в масках переходят дорогу зимой в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте елде 777 адам коронавирус жұқтырды. Осымен екінші күн қатарынан вирус жұқтырғандар саны бойынша астана бірінші орында тұр

АЛМАТЫ, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның астанасы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа кірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық қоғамдық денсаулық орталығына сілтеме жасап.

"Қызыл" аймақта тұрған өңірлер қатарында Павлодар облысы да бар.

Ал бұған дейін "қызыл" аймақта болған Солтүстік Қазақстан облысы "сары" аймаққа ауысты. Қазір "сары" аймақта Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы да бар.

Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймаққа кірген.

Жалпы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстан "жасыл" аймақта тұр. 

Айта кетейік, өткен тәулікте елде 777 адам коронавирус жұқтырды. Осымен екінші күн қатарынан вирус жұқтырғандар саны бойынша астана бірінші орында тұр.

© SputnikКоронавирус: аурудың белгілері мен сақтану амалдары
Нұр-Сұлтан коронавирустың қызыл аймағына енді - Sputnik Қазақстан
Коронавирус: аурудың белгілері мен сақтану амалдары
Жаңалықтар
0