Аңдатпа

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шаралар

© Sputnik / Абзал КалиевСпущенный флаг Казахстана
Спущенный флаг Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мерекелік шаралар 17-18 желтоқсан күндері де жалғасады. 17 желтоқсанда "Хабар" арнасынан "Сәлем, Елорда!" атты жаңа гала-концертті тамашалауға болады

НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Биыл республикалық деңгейде Тәуелсіздік күніне арналған 60-тан астам мерекелік шараны өткізу жоспарланып отыр. Мерекелік бағдарлама онлайн және оффлайн форматта 9 желтоқсанда басталған. Ал негізгі бөлімі 16-сында өтеді. Sputnik Қазақстан мейрам күндері өтетін шараларға шолу жасайды.

Бүгінгі шаралар таңғы сағат 9:00-де басталып, кешкі уақытқа дейін жалғасты. Соның ішінде танымдық видеороликтер, көрмелер, гала-концерттер мен қойылымдар бар. Соның бәрін шараны өткізетін мекемелер, мәдени ұйымдар мен министрліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларынан көруге болады. Олар:

https://www.facebook.com/mcs.govrk

https://www.instagram.com/mcs.govrk/

https://www.youtube.com/channel/UCJzCcLuWtpA3cUPfjhu5lHA

https://www.gov.kz/memleket/entities/mcs?lang=kk

16 желтоқсанға арналған мерекелік бағдарлама:

9:00 – Тәуелсіздік күніне арналған құттықтау (Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі);

9:30 – "Тәуелсіздік жылдарындағы Абай музейінің дамуы" танымдық бейнебаяны (Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі);

10:00 – "Тәуелсіздік тұғыры" онлайн фотокөрмесі ("Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі);

11:00 – Тәуелсіздік күніне арналған құттықтау (Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры);

11:00 – "Тәуелсіздік пен абайтану" видеоэкскурсиясы (Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі);

11:00 – "Желтоқсан – Тәуелсіздік тірегі" атты бейнебаян ("Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі);

11:00 – "Тәуелсіз елдің өткені мен бүгіні" онлайн көрмесі (Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі);

11:00 – "Ата-бабалар мұра еткен Тәуелсіздік" атты онлайн "дөңгелек үстел" (Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі);

12:00 – "Тәуелсіздік тұғырым" концерті (Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі);

12:00 – Тәуелсіздік күніне арналған видеоқұттықтау (Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры);

12:00 – "Алдар Көсе" спектаклі (Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры);

12:00 – "Тәуелсіздікті төрге оздырған – Мәңгілік ел" онлайн дәрісі (Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі);

14:00 –  "Қазақтар" спектаклі (Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры);

14:00 – "Туған жер" онлайн қойылымы (Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры);

15:00 – Неміс, қазақ пен орыс тілдеріндегі өлеңдер. Музыкалық құттықтау (Республикалық неміс драма театры);

15:00 – "Тәуелсіздік пен хәкім Абай" онлайн дәрісі (Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі);

15:00 – "Азаттықтың ақ туы" атты бейнебаян ("Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі);

15:00 – "Тәуелсіздік - тұғырым" онлайн патриоттық кеші (Қазақтан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы);

16:00 – "Менің жерім, менің Қазақстаным!" - "Sats ComUnity" театр студиясының шәкірттері дайындаған ерекше құттықтаулар жинағы (Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры);

17:00 – Мерекелік концерт ("Астана Опера" мемлекеттік балет және опера театры);

17:00 – "Тәуелсіздік пен Әсет Найманбайұлының музейі" атты бейнебаян (Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі);

18:00 – "Уссул сехри" концерті (Қожамиярова атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры);

19:00 – "Тәуелсіздік – тұғырым" ("Қазақконцерт" РМҚК);

19:00 – "Ұлы Даланың аңыздары" (Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры);

19:30 – "Сұлтан Бейбарыс" балеті ("Астана балет" театры);

Бұдан бөлек, негізгі іс-шараның бірі – "Ұлы Дала – Тәуелсіз ел!" мерекелік концерті 16 желтоқсанда республикалық арналардың бірінде онлайн-форматта көрсетіледі.

Мерекелік шаралар 17-18 желтоқсан күндері де жалғасады. Мәселен, 17 желтоқсанда "Хабар" арнасынан "Сәлем, Елорда!" атты жаңа гала-концертті тамашалауға болады. Оны мемлекеттік концерт ұйымдарының республикалық концерттік-гастрольдік орталығы өткізеді.

Сол күні "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі "Тәуелсіздік таңы" атты суретшілердің онлайн көрмесін ұсынса, ұйғыр музыкалық комедия театры Ахметжан Аширидің "Ялғуз ялпуз" спектаклін көрсетеді.

Ал 18 желтоқсанда тағы бірнеше мәдени шара жоспарланған. Олар:

10:00 – "Жыр арқауы - Тәуелсіздік" атты танымал ақындардың Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдері ("Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі);

18:30 – Антон Чеховтың "Шағала" трагедиясы (Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры);

19:00 - "Табассум" мерекелік шоу-бағдарламасы (Қожамиярова атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры).

Жаңалықтар
0