Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

France Football журналының нұсқасы бойынша тарихтағы ең үздік футболшылар – фото

Жазылу
Олар футбол тарихында өз дәуіріндегі үздіктердің үздігі ретінде спорт аңызына айналған тұлғалар

Әлем футболының тарихындағы символикалық үлгідегі "армандастар командасы" "Алтын доп" иегерін анықтайтын қазылар алқасының ұсынуымен және жанкүйерлердің дауыс беруімен анықталған. Ал оның құрамы France Football спорт басылымында жарияланды.

Сонымен, үздік қақпашы ретінде 1950-1970 жылдар аралығында футбол ойнаған кеңестік қақпашы Лев Яшин танылды. Бұл қақпашы "армандастар командасындағы" "ең қарт" ойыншы – ол 1929 жылы дүниеге келген.

Тарихтағы ең үздік қорғаушылар: 60-80 жылдары доп тепкен ГФР өкілі Франц Бекенбауэр мен 1990-2000 жылдар аралығында көптеген атақтарға қолжеткізген бразилиялық Кафу және итальяндық Паоло Мальдини.

Оқи отырыңыз: Қош бол, 2020: коронавирустан бөлек тышқан жылы несімен есте қалды – фото

"Армандастар командасының" үздік жартылай қорғаушысы неміс Лотар Маттеус пен испандық Хави Эрнандес, аты аңызға айналған Диего Марадона және Пеле.

Француз басылымы аргентиналық Лионель Мессиді, бразилиялық Роналдо мен португалиялық Криштиану Роналдуды үздік шабуылдаушылар деп атаған.

Месси өзінің Instagram парақшасында өзінің "армандар командасында" болуы ол үшін үлкен мәртебе екенін жазды. Сондықтан да ол оған дауыс бергендердің барлығына алғысын білдіріп, командадағы "әріптестерін" құттықтады. Ал желідегі парақшасында ол өзінің барлық алтын добымен түскен суретін қойған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Leo Messi (@leomessi)

Өз кезегінде Криштиану Роналду да өз аккаунтында символикалық командаға енген спортшыларға таңданысын білдірді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

"Мен осындай керемет ойыншылардың қатарында болғаныма мақтанамын" деді Роналду.

© AFP 2024Аңызға айналған бразилиялық шабуылшы Пеле 1960 жылы 8 мамырда Мальмо мен Бразилия арасындағы жолдастық кездесу кезінде қорғаушыны басып озды. Бұл кездесуде Бразилия қарсыластарын 7:1 есебімен жеңіп, екі гол соқты. Оның командасы әлем кубогын үш рет жеңіп алды және ол осы жетістікке қол жеткізген әлемдегі жалғыз футболшы болғандықтан, Пеле лайықты түрде футбол Королі деп аталады.
Аңызға айналған бразилиялық шабуылшы Пеле - Sputnik Қазақстан
1/11
Аңызға айналған бразилиялық шабуылшы Пеле 1960 жылы 8 мамырда Мальмо мен Бразилия арасындағы жолдастық кездесу кезінде қорғаушыны басып озды. Бұл кездесуде Бразилия қарсыластарын 7:1 есебімен жеңіп, екі гол соқты. Оның командасы әлем кубогын үш рет жеңіп алды және ол осы жетістікке қол жеткізген әлемдегі жалғыз футболшы болғандықтан, Пеле лайықты түрде футбол Королі деп аталады.
© AFP 2024 / NA / Diario PopularБуэнос-Айрестегі Ла Бомбонера стадионында 1981 жылы жергілікті чемпионатта жеңіске жеткеннен кейін жанкүйерлер Диего Марадонаны төбесіне көтерді. Диего Марадона – әлемдегі ең атақты футболшылардың бірі. Оның құрметті атақтарының арасында – ФИФА-ның ресми сайтында дауыс беру арқылы анықталған ХХ ғасырдың ең үздік футболшысы, France Football журналының нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың үздік ойыншылары арасында екінші орын, The Times газетінің нұсқасы бойынша әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік ойыншы, "Алтын доптың" құрметті әрі алғашқы иегері сынды көптеген дәрежелері бар.
Жанкүйерлер Диего Марадонаны төбесіне көтерді - Sputnik Қазақстан
2/11
Буэнос-Айрестегі Ла Бомбонера стадионында 1981 жылы жергілікті чемпионатта жеңіске жеткеннен кейін жанкүйерлер Диего Марадонаны төбесіне көтерді. Диего Марадона – әлемдегі ең атақты футболшылардың бірі. Оның құрметті атақтарының арасында – ФИФА-ның ресми сайтында дауыс беру арқылы анықталған ХХ ғасырдың ең үздік футболшысы, France Football журналының нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың үздік ойыншылары арасында екінші орын, The Times газетінің нұсқасы бойынша әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік ойыншы, "Алтын доптың" құрметті әрі алғашқы иегері сынды көптеген дәрежелері бар.
© Sputnik / Anton Denisov / Медиабанкке өтуАргентиналық шабуылшы Лионель Месси Аргентина мен Исландия ұлттық құрамасы арасындағы 2018 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчында. Мессидің спорттағы жетістігі – рекордтық сан – алты рет "Алтын бутсы", төрт рет "Алтын допты" алды. Сондай-ақ, ол ФИФА нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік футболшы ретінде "Алмас доп" иегері.
Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси - Sputnik Қазақстан
3/11
Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси Аргентина мен Исландия ұлттық құрамасы арасындағы 2018 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчында. Мессидің спорттағы жетістігі – рекордтық сан – алты рет "Алтын бутсы", төрт рет "Алтын допты" алды. Сондай-ақ, ол ФИФА нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік футболшы ретінде "Алмас доп" иегері.
© Sputnik / Alexey Filippov / Медиабанкке өту"Ювентус" командасының ойыншысы Криштиану Роналду УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Локомотив" (Ресей, Мәскеу) пен "Ювентус" (Италия, Турин) арасындағы матчта. 2019 жылы Роналдудың қоржынында бес "Алтын доп" болды: оның үшеуі France Football нұсқасы бойынша, тағы екеуі ФИФА тарапынан марапатталды. Төрт рет ол "Алтын бутсы" иегері атанды. Оның жетістіктерінің қатарында Еуропа чемпионаты тарихында ең үздік шабуылдаушы, ал өткізген матчтар саны бойынша Еуропа чемпионатының рекордшысы және басқалар бар. Спорттан тыс жетістігі ретінде оның Instagram-дағы парақшасына 245 миллион жазылушы тіркелгені айтылады.
Ювентус командасының ойыншысы Криштиану Роналду - Sputnik Қазақстан
4/11
"Ювентус" командасының ойыншысы Криштиану Роналду УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Локомотив" (Ресей, Мәскеу) пен "Ювентус" (Италия, Турин) арасындағы матчта. 2019 жылы Роналдудың қоржынында бес "Алтын доп" болды: оның үшеуі France Football нұсқасы бойынша, тағы екеуі ФИФА тарапынан марапатталды. Төрт рет ол "Алтын бутсы" иегері атанды. Оның жетістіктерінің қатарында Еуропа чемпионаты тарихында ең үздік шабуылдаушы, ал өткізген матчтар саны бойынша Еуропа чемпионатының рекордшысы және басқалар бар. Спорттан тыс жетістігі ретінде оның Instagram-дағы парақшасына 245 миллион жазылушы тіркелгені айтылады.
© Sputnik / Медиабанкке өтуАңызға айналған қақпашы Лев Яшин 1957 жылғы ойында. "Армандастар командасындағы" "ең қарт" ойыншы 1929 жылы дүниеге келген. Мәскеу Динамосының атынан шыққан кеңес спортшысы футбол тарихында "Алтын допты" иеленген алғашқы қақпашы болды. Ол ең беделді тоғыз халықаралық ұйымның таңдауы бойынша ХХ ғасырдың үздік қақпашысы және футболшысы деп танылды.
Аңызға айналған қақпашы Лев Яшин - Sputnik Қазақстан
5/11
Аңызға айналған қақпашы Лев Яшин 1957 жылғы ойында. "Армандастар командасындағы" "ең қарт" ойыншы 1929 жылы дүниеге келген. Мәскеу Динамосының атынан шыққан кеңес спортшысы футбол тарихында "Алтын допты" иеленген алғашқы қақпашы болды. Ол ең беделді тоғыз халықаралық ұйымның таңдауы бойынша ХХ ғасырдың үздік қақпашысы және футболшысы деп танылды.
© AFP 2024 / Daniel GarciaБразилиялық Кафу 1997 жылы Америка Кубогының жартылай финалында Перу қақпасына бірінші гол соққан командаласын құшақтап тұр. Кафу – Бразилия құрамасында екі дүркін әлем чемпионы атанды. 2002 және 2006 жылдары әлем чемпионатында ұлттық құраманың капитаны болды. Әлем кубогының соңғы үш матчында ойнаған алғашқы және әзірге жалғыз футболшы.
Кафу – Бразилия құрамасында екі дүркін әлем чемпионы - Sputnik Қазақстан
6/11
Бразилиялық Кафу 1997 жылы Америка Кубогының жартылай финалында Перу қақпасына бірінші гол соққан командаласын құшақтап тұр. Кафу – Бразилия құрамасында екі дүркін әлем чемпионы атанды. 2002 және 2006 жылдары әлем чемпионатында ұлттық құраманың капитаны болды. Әлем кубогының соңғы үш матчында ойнаған алғашқы және әзірге жалғыз футболшы.
© AFP 2024 / Mladen Antonov"Барселона" ойыншысы 1994 жылы 18 мамырда Афиныдағы Олимпиада стадионында Еуропа кубогының финалы кезінде "Милан" ойыншысы Паоло Мальдиниді жеңуге тырысты. Бұл кездесуде "Милан" "Барселонаны" 4:0 есебімен жеңіп, еурокубоктың иегері атанды. Белгілі итальяндық футболшы Мальдини мыңнан астам ресми матч өткізді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін футболкадағы оның 3 нөмірі айналымнан шығарылып, Мальдиниге "бекітілді".
Милан ойыншысы Паоло Мальдини - Sputnik Қазақстан
7/11
"Барселона" ойыншысы 1994 жылы 18 мамырда Афиныдағы Олимпиада стадионында Еуропа кубогының финалы кезінде "Милан" ойыншысы Паоло Мальдиниді жеңуге тырысты. Бұл кездесуде "Милан" "Барселонаны" 4:0 есебімен жеңіп, еурокубоктың иегері атанды. Белгілі итальяндық футболшы Мальдини мыңнан астам ресми матч өткізді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін футболкадағы оның 3 нөмірі айналымнан шығарылып, Мальдиниге "бекітілді".
© AFP 2024 / STFНеміс футболының жұлдызы және команда капитаны Франц Беккенбауэр 1974 жылы 7 шілдеде Мюнхендегі Олимпиада стадионында өткен әлем чемпионатында кубокты қабылдап алып жатқан сәт. Ол екі рет "Алтын доп" пен "Футбол туралы аңыздар" атағының иегері атанған және көптеген құрметті атақ-даңқтарға бөленген. Капитан ретінде үш түрлі командада өнер көрсеткен жалғыз футболшы. Мюнхеннің "Бавария", "Гамбург" (Германия) және "Нью-Йорк Космос" (АҚШ) командасында ойнады.
Неміс футболының жұлдызы және команда капитаны Франц Беккенбауэр - Sputnik Қазақстан
8/11
Неміс футболының жұлдызы және команда капитаны Франц Беккенбауэр 1974 жылы 7 шілдеде Мюнхендегі Олимпиада стадионында өткен әлем чемпионатында кубокты қабылдап алып жатқан сәт. Ол екі рет "Алтын доп" пен "Футбол туралы аңыздар" атағының иегері атанған және көптеген құрметті атақ-даңқтарға бөленген. Капитан ретінде үш түрлі командада өнер көрсеткен жалғыз футболшы. Мюнхеннің "Бавария", "Гамбург" (Германия) және "Нью-Йорк Космос" (АҚШ) командасында ойнады.
© AFP 2024 / MAURICIO LIMA2009 жылғы Бразилия чемпионаты. Сан-Паулудағы Пакаэмбу стадионында коринфиандық бразилия футболшысы Роналдо. Футбол жұлдызы Роналдо жарақатынан кейін екі айдан соң матчқа қайта оралды. Әлемнің екі дүркін чемпионы, әлемнің вице-чемпионы, Castrol Index зерттеуіне сәйкес әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік футболшы, 1998 және 2002 жылғы әлем чемпионатының үздік далалық футболшысы. 2002 жылғы әлем кубогының шабуылдаушысы "Зубастик" құрамында екі рет "Алтын доп" пен "Алтын бутсыды" және көптеген басқа да құрметті сыйлық, атақтарды жеңіп алды. Ол 2011 жылы зейнетке шықты.
Футбол жұлдызы Роналдо - Sputnik Қазақстан
9/11
2009 жылғы Бразилия чемпионаты. Сан-Паулудағы Пакаэмбу стадионында коринфиандық бразилия футболшысы Роналдо. Футбол жұлдызы Роналдо жарақатынан кейін екі айдан соң матчқа қайта оралды. Әлемнің екі дүркін чемпионы, әлемнің вице-чемпионы, Castrol Index зерттеуіне сәйкес әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік футболшы, 1998 және 2002 жылғы әлем чемпионатының үздік далалық футболшысы. 2002 жылғы әлем кубогының шабуылдаушысы "Зубастик" құрамында екі рет "Алтын доп" пен "Алтын бутсыды" және көптеген басқа да құрметті сыйлық, атақтарды жеңіп алды. Ол 2011 жылы зейнетке шықты.
© AFP 2024 / Christophe Simon2004 жылы 25 сәуірде Мадридтегі "Сантьяго Бернабеу" стадионында "Реал" мен "Барселона" командасының кездесуінде Хавидің гол соққан сәті. Ол УЕФА нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың символикалық ұлттық құрамасының мүшесі әрі УЕФА сайтына кірушілер нұсқасы бойынша Еуропаның символикалық командасының капитаны.
Мадридтегі Сантьяго Бернабеу стадионында Реал мен Барселона командасының кездесуінде Хавидің гол соққан сәті - Sputnik Қазақстан
10/11
2004 жылы 25 сәуірде Мадридтегі "Сантьяго Бернабеу" стадионында "Реал" мен "Барселона" командасының кездесуінде Хавидің гол соққан сәті. Ол УЕФА нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың символикалық ұлттық құрамасының мүшесі әрі УЕФА сайтына кірушілер нұсқасы бойынша Еуропаның символикалық командасының капитаны.
© AFP 2024 / CRIS BOURONCLEНеміс футболшысы Лотар Маттеус Мексиканың Гвадалахара қаласында ФИФA Конфедерациялар кубогы турнирінің басталуында. 24 шілде 1999 жыл. Ол футболдан бес әлем чемпионатына қатысып, сирек жетістікке қол жеткізді. Сонымен қатар, ол әлем чемпионатының финалындағы матчтар саны бойынша 25 ойында алаңға шығып рекорд орнатқан. "Алтын доп" пен басқа да бірқатар құрметті атақтардың иегері.
Неміс футболшысы Лотар Маттеус - Sputnik Қазақстан
11/11
Неміс футболшысы Лотар Маттеус Мексиканың Гвадалахара қаласында ФИФA Конфедерациялар кубогы турнирінің басталуында. 24 шілде 1999 жыл. Ол футболдан бес әлем чемпионатына қатысып, сирек жетістікке қол жеткізді. Сонымен қатар, ол әлем чемпионатының финалындағы матчтар саны бойынша 25 ойында алаңға шығып рекорд орнатқан. "Алтын доп" пен басқа да бірқатар құрметті атақтардың иегері.
Жаңалықтар
0