Аңдатпа

Қазақстанда 24 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневТүнгі астана
Түнгі астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 24-31 желтоқсан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

24 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Парламент сенатының отырысы. Жиын www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

15.00 – "Нұр-Сұлтан қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарын бейімдеу және қалпына келтіру шаралары туралы" (табысы төмен отбасылар, мүгедектер, көпбалалы отбасылар мен жетімдер және басқалар) қоғамдық тыңдау. Іс шараны астаналық мәслихаттың Facebook әлеуметтік желісіндегі (www.facebook.com/maslihat.astana.kz) аккаунтында онлайн режимде көре аласыз. Байланыс ақпараты: 55-66-35, 55-66-36, maslihat_org@mail.ru

16.30 – Орталық коммуникациялар қызметінде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің баспасөз конференциясы. Тақырыбы – "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында берген тапсырмаларын орындау туралы". Суреттер сілтемесі: https://clck.ru/SYJVm. Тікелей эфир сілтемесі: https://www.youtube.com/user/ ortcomkz; https://ru-ru.facebook.com/ ortcomkz.

18:30 – "A-Quartet" ішекті аспаптар квартетінің "Фрагменты" концерті. Таңдаулы миниатюралар бағдарламасында Крейслер, Штраус, Альбинони, Пьяццолла және басқалардың музыкасы орындалады. "Жас сахна" театры. Театрдың мекенжайы: Абай даңғылы, 117 (Әуезов пен Жароков көшелерінің арасында, "Жанна" сауда үйінің ғимаратында) Театр кассасы: +7 (727) 259 65 98, +7 (776) 711 78 78

19.30 – "Щелкунчик" балеті. Қоюшы хореограф – Василий Вайнонен, қоюшы – Ресей халық әртісі Алтынай Асылмұратова. ("Астана балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

26 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

18:00 – Қорлан Картенбаеваның "Традиции. Ценности. Открытия" концерті. "Жас сахна" театры. Театрдың мекенжайы: Абай даңғылы, 117 (Әуезов пен Жароков көшелерінің арасында, "Жанна" сауда үйінің ғимаратында) Театр кассасы: +7 (727) 259 65 98, +7 (776) 711 78 78.

Алматы

18:00 – Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің NEW YEAR`S EVE концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35. Байланыс телефоны: +7 701 751 89 85).

27 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

07.00 – "Вирусқа спортпен тойтарыс береміз" атты жеке жүгіру. Жарыс 10 километр қашықтықта өтеді. Қатысушылар саны шектеулі, ең көбі – 300 қатысушы (Триатлон саябағы).

Алматы

10.00 – "Красивый бизнес. Азия" фестивалі. Кіруі тегін. ("Алма-Ата" ОСО, Назарбаев даңғылы, 223).

31 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Щелкунчик" балеті (балалар қойылымы). Қоюшы хореограф – КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Юрий Григорович. Сценографияны КСРО халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Симона Вирсаладзе жасайды. Дирижер – Арман Оразғалиев ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0