Өңірлер

Сегіз өңірде дабылды ескерту жарияланды: ертеңге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на заснеженной улице
Люди в масках на заснеженной улице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте қар жауады. Өзге өңірлерде жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, бұрқасын болып, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан — Sputnik. Атлантикалық циклон әсерінен батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Өзге өңірлерде жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, бұрқасын болып, жел күшейеді. Батыста - көктайғақ. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада 10-12 градус салқын, түнде минус 21-23 градус. Қар жаууы мүмкін. 112 құтқару қызметі желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жететінін хабарлады. Қатты боран болуы ықтимал.

Алматыда күндіз 4-6 градус, түнде минус 10-12 градус. Жауын-шашынсыз.

Шымкентте жауын-шашын болмайды. Күндіз -1, +1 шамасында. Түнде 6-8 градус нөлден төмен.

Дабылды ескерту

Сегіз өңірде дабылды ескерту жарияланды.

Нұр-Сұлтанда 28 желтоқсан күні бұрқасын болады. Желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысында қар жауады. Кей жерлерде боран, тұман болады.

Қостанайда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Тұман, бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, тұман, боран. 

Батыс Қазақстан облысында түнде қар жауады. Кей жерде көктайғақ болады. 

Атырау облысында тұман және көктайғақ. 

Ақтөбе облысында да дәл осындай ауа райы.

Түркістан облысы мен Шымкентте тұман болады деп болжанып отыр.

Тағы оқыңыз: 72 жаста: қыста жалаңаштанып жүгіретін алматылық ақсақал кеңес берді – видео

Жаңалықтар
0