Әлем

Трамптың соңғы мүмкіндігі  

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуСША
США - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Партияішілік мәселені сыртқа шығарған президент өз жақтастарына ойын жасырмай, ашық үндеу жолдады. Трамптың жақтастары соңғы уақытта президенттің еш әрекетсіз отырғанынан да хабардар

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Әдетте америкалықтарға үндеу жасау үшін Twitter-дегі жеке парақшасын қолданатын Дональд Трамп бұл жолы ашық байланыс арнасын кәдеге жаратты. Ол республикашыл сенаторларға кері шегінбеуге және берілмеуге кеңес берді.

"Президент лауазымы үшін күресетін уақыт келді. Егер, расымен де жеңген болса, демократтар дәл осылай жасар еді. Сайлаудың бұрмаланғанына ешкім дау келтіре алмайды!", – деген Дональд Трамп Джо Байденді "жалған президент" деп атады.

Партияішілік мәселені сыртқа шығарған ол өз жақтастарына ойын жасырмай, ашық үндеу жолдады. Трамптың жақтастары соңғы уақытта президенттің еш әрекетсіз отырғанынан да хабардар. Смартфон арқылы бірнеше пост жариялағаны болмаса, Трамп бос уақытының барлығын гольф алаңында өткізіп жүр. Бейнебір 20 қаңтардан кейін гольф ойнау бұйырмайтындай.

Ол 6 қаңтарда Вашингтонға сапар шегуді жоспарлап отыр. Үлкен қарсылық болатынын ескертті.

Истребитель F-22 ВВС США - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан АҚШ-тан екі барлау ұшағын сатып алмақшы
Президент қызметін сақтап қалу үшін ол барынша тырысып бағуы керек. Бұл Трамптың соңғы мүмкіндігі. Сайлаушылардың дауыс саны бойынша басымдыққа ие болу мүмкіндігі өте аз. Бар, бірақ, жоқтың қасы. Мұндай жағдай бұрын да болған. Сонау 1876 жылы сайлаушылар алқасының дауыс саны арқылы президент дауы шешілген. Алайда, бұл жағдайға иек артуға болмайды. Оған сол жылдағы сайлау Америка тарихындағы ең сорақы әрі әділетсіз сайлау болғаны ғана себеп емес. 1876 жылы Ратерфонд Хейз құлдықты қайтаруға талпынған оңтүстік штаттағы конгрессмендермен сөз байласу арқылы жеңіске жетті. Ақыры азаматтық соғысқа ұласатындай үлкен дау туды.

Сенаттағы республикашыл көпшіліктің қазіргі көшбасшысы Митч Макконелдің де көңіліне күдік ұялатып отырғаны осы жағдай. Сондықтан ол президент сайлауының нәтижесін қайта қарастыруға қарсы болып отыр.

Оның үстіне жоғарғы палатаны бақылауда ұстау және Жоғарғы сотта консерваторлардың басым болуы республикашылдарға қазіргі президентсіз-ақ" демократтардың ұнамсыз ұсыныстарына тосқауыл боламыз" деген үміт сыйлап отыр.  

Өзін "ойыннан шығарып тастағанын" түсінген Трамп өз жақтастарын намысшылдыққа, партиялық ар-ожданды қорламауға шақырды. Бәлкім, аздап қорқытқан да болар. Себебі, америкалықтар Трамптан бәрін күтуге болады деп ойлайды.  

Жаңалықтар
0