Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, "Шағала" ұшу аппаратын тәжірибелік үлгісін Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғалымдары әзірлеген.⠀
Аппаратты полигонда сынақтан өткізу кезінде әскери ғалымдар төмен температураға төзімді қуат көзін сынақтан өткізді. Ерекше аккумулятор батареялары – Ұлттық қорғаныс университеті мамандарының соңғы ойлап тапқан жаңалығы.⠀
"Шағала" аппаратының ұшу қашықтығы - 30 километр. Ауада ол екі жарым сағатқа дейін болуы мүмкін, жел секундына 14 метрге дейін күшейген кезде өзін тұрақты ұстайды.⠀
Ғылыми жұмыстың нәтижеcі патенттелген және әскери тәжірибеде пайдалану аяқталған соң барлық әзірлемелер ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығару үшін Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне берілмек.