Оқиға

Оралда кондиционер орнатып жатқан ер адам 9-қабаттан құлап кетті

© Sputnik / Владислав ВодневМужчина на носилках в машине скорой помощи
Мужчина на носилках в машине скорой помощи - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2021
Жазылу
Отыз жастағы ер адам көп қабатты үйдің пәтерлерінің біріне кондиционер орнатып жатқанда тоғызыншы қабаттан құлап кетті

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Орал қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Оралдағы көп қабатты үйлердің бірінде болған қайғылы жағдайға байланысты тергеуді бастады. Кондиционерді орнату кезінде ер адам биіктіктен құлап көз жұмды.

Оқыс оқиға 22 мамырда сағат 20:00 шамасында Қонаев көшесіндегі үйлердің бірінде болды, деп жазды "Мой город" газеті.

Қалалық полиция журналистерге ақпаратты растады.

"Алдын ала ақпарат бойынша марқұм досымен бірге кондиционер орнатып жатқанда құлап кеткен", - делінген хабарламада.

Полиция сондай-ақ бұл оқиғаға байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы ер адамның ауыр жарақат алғанын және жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырғанын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда құрылысшы биіктіктен құлап кетті – видео 

Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы жағдай биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0