Экономика

Қазақстандықтарға 6%-тік мөлшерлемемен микрокредит беріледі

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуПроцент таңбасы
Процент таңбасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2021
Жазылу
Министрдің айтуынша, микрокредиттеу тетіктерін тиімді іске асыру үшін өңірлерде 15 микроқаржы ұйымы құрылды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Жұмыспен қамту жол картасы аясында өңірлерде бизнесті дамытуға және микрокредиттерге 72,5 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, биыл жол картасы төрт бағыт бойынша іске асырылады. Солардың бірі ШОБ үшін қаржыландыру қолжетімділігін арттыру және өңірлерде бизнесті дамыту.

"Өңірлерде бизнесті дамытуға және микрокредиттер беруге 72,5 миллиард теңге бағытталған. Микрокредиттер "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен құрылған микроқаржы ұйымдары арқылы беріледі", – деді Шәпкенов үкімет отырысында.

Ол президенттің тапсырмасы бойынша жеңілдетілген шарттармен 6 процентке дейінгі мөлшерлемемен микрокредит беру жоспарланып отырғанын атап өтті.

Микрокредиттеу тетіктерін тиімді іске асыру үшін өңірлерде 15 микроқаржы ұйымы құрылды.

Министрдің айтуынша, микрокредит алушылар 10,6 мың қосымша жұмыс орнын құрады.

Оқи отырыңыз: Банктердің бірі 750 000 теңгеге дейін процентсіз кредит береді

Сонымен қатар, ол жалпы сомасы 22,5 миллиард теңгені құрайтын 5,4 мың жобаның алдын ала тізімі әзірленгенін атап өтті. Тізімге ет, сүт, азық-түлік өнеркәсібі өнімдерін өндіру және өңдеу, қызмет көрсету және тағы басқа салалардағы бизнес жобалар енген.

Жаңалықтар
0