Әлем

Уханьдағы зертхана қызметкерінің жұбайы пандемияға дейін ковидтен қайтыс болған

© REUTERS / Aly Song Добровольцы из команды спасателей Blue Sky во время проведения дезинфекции в Большом театре Цинтай в Ухане
 Добровольцы из команды спасателей Blue Sky во время проведения дезинфекции в Большом театре Цинтай в Ухане - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2021
Жазылу
Уханьдағы вирусология институтының үш ғалымы пандемияға дейін 2019 жылы қараша айында дәрігерлердің көмегіне жүгінген

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр — Sputnik. Ухань зертханасында жұмыс істейтін қызметкердің жұбайы 2019 жылы желтоқсан айында қайтыс болды. Ол кезде коронавирустың қаншалықты қауіпті екенін ешкім білген жоқ. Бұл туралы коронавирус пандемиясының шығу себебін зерттеген АҚШ мемлекеттік департаментінің бұрынғы қызметкері Дэвид Ашер мәлімдеді, деп жазды Daily Caller News басылымы.

Оның айтуынша, дәл осы өлім коронавирустың жұқпалы әрі адам өміріне қауіпті екенін көрсеткен алғашқы белгі болған.

"Алайда тағы бір ай бойы вирустың адамға жұқпайтынын айтып келген", - дейді Ашер.

Ол Дональд Трамп әкімшілігі кезінде мемлекеттік департаменттің өкілі болған.

Бұған дейін АҚШ-тың The Wall Street Journal газеті барлау қызметінің есебінде көрсетілген кейбір мәліметтерді жариялаған болатын. Оған сәйкес, Уханьдағы вирусология институтының үш ғалымы пандемияға дейін 2019 жылы қараша айында дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Коронавирус Уханьдағы зертханадан тараған ба – жаңа мәлімет шықты

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Қытайдың ауырып қалған зертхана қызметкерлерінен сұхбат алуға рұқсат бермегенін хабарлаған.

Айта кеткен жөн, Америка билігі пандемия басталғалы бері коронавирус Уханьдағы зертханадан шығуы мүмкін деген болжамды айтып келеді. Алайда барлау қызметі нақты дәлелдің жоқ екенін мәлімдеген.

Қытайдың сыртқы істер министірлігі The Wall Street Journal газетіне шыққан мақалаға қатысты пікір білдірді. Дипломаттар АҚШ дәлелденбеген теорияны таратып отырғанын мәлімдеді. Айтуларынша, олар осылайша әлем назарын басқа мәселеге аударғысы келетін көрінеді. 

Жаңалықтар
0