Өңірлер

Қарағанды әкімінің экс-орынбасары сотталғаннан кейін 6 күн өткен соң түрмеден шықты

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
Сот бұрынғы шенеунік жазасын өтеп болғандықтан оны дереу қамаудан босату туралы шешім шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған Қарағанды ​​қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков қамаудан босатылды.

8 маусымда сот оны бір жарым жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол жазасын ең төмен қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуі керек еді.

Жазаның мерзімі 2021 жылы 13 маусымда аяқталғаны белгілі болды.

Экс-шенеунік 2020 жылдың 12 қыркүйегінен бастап сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қамауда болған. Бұл уақыт жазаны өтеу мерзімі ретінде есептелген (қамауда болған бір күн мерзім бас бостандығынан айыру жазасын өтеудің екі күніне теңестірілген).  

Сот Шалабеков жазасын өтеп шыққандықтан оны "қамаудан дереу босату" керек деген шешім қабылдады. Құжат сот кабинетінде жарияланды.

Оқи отырыңыз: Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты 

Жақсылық Шалабеков 2020 жылы қыркүйек айында 107 миллион теңге (шамамен 252 мың доллар) бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған. Ол жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екендігі хабарланды. Сот 2021 жылдың 8 маусымында әкімнің бұрынғы орынбасарын Қылмыстық кодекстің 361-бабы 1-бөлігі "Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша кінәлі деп тапты.

Жаңалықтар
0