Өңірлер

Салат жасамақшы болған: Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлған үш жігіт сотталып кетті

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2021
Жазылу
Үш жылға бас бостандығы шектелген жігіттер Қызыл кітапқа енген өсімдіктің 250-ден астам сабағын кескен

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Риддер қаласының тұрғындары Қызыл кітапқа енген "ұсақ торлы жуаны" жұлғаны үшін сотталды, деп хабарлады Altaynews облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Риддер орман шаруашылығы аумағында үш дос жойылып кету қаупі төнген өсімдіктерді кесіп алған.

"Жалпы алғанда сотталғандар Қызыл кітапқа енген өсімдіктің 250-ден астам сабағын кескен", - деді Риддер қаласы пробация қызметінің бастығы Альмира Майылханова.

Сотталғандардың айтуынша, олар "ұсақ торлы жуадан" салат жасамақшы болған. Өсімдіктің бұл түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

Риддер қалалық сотының үкімімен жігіттер Қазақстан Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша үш жылға бас бостандығынан шектелді.

"Сотталғандар пробация қызметіне есепке қойылды. Қазіргі уақытта профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр және бұдан әрі пробация қызметінің бақылауында болады, сондай-ақ, қайта құқық бұзушылық жасаған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы неғұрлым қатаң – бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін", - деп түйіндеді Альмира Майылханова. 

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу ережелері сотталғандарға түсіндірілді.   

Жаңалықтар
0