Денсаулық

"КовиВак" вакцинасының ерекшелігі неде?  

© AFP 2024 / LILLIAN SUWANRUMPHAМедик в защитном костюме набирает в шприц вакцину от коронавируса
Медик в защитном костюме набирает в шприц вакцину от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2021
Жазылу
"КовиВак" дозасын салған кезде ине орнына қарай иммундық жасушалар жиналады. Олар өлі вирус бөлшектерін сау жасуша ретінде жіктеп, олармен күресуді бастайды

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Коронавирусқа қарсы "КовиВак" вакцинасы көбейе алмайтын және инфекция тартпайтын, бірақ имумнитетті сенімді қалыптастыратын өлі коронавирустан дайындалған. Бұл ондаған жыл бойы тексеруден өткен технологиялық платформа. Оның көмегімен полиомиелитке қарсы вакцина дайындалады.

"КовиВак" осы жылдың ақпанында тіркеуден өтті, миллиондаған дозасы азаматтық айналымға түсті. Коронавирусқа қарсы бұл вакцина неден жасалады, қандай қарсы көрсетпелері бар және оны қайдан табуға болатыны туралы РИА Новости жазды.

"КовиВак" вакцинасының құрамы

Өткен жылдың наурыз-сәуірінде Ресей ғылым академиясы М.П.Чумаков атындағы Федералдық иммунологиялық препараттарды зерттеу және әзірлеу ғылыми орталығының ғалымдары "Коммунаркадағы" алғашқы науқастардың биоматериалынан SARS-CoV-2 коронавирусының РНҚ-сын бөліп алды. Геномдарды сол шақта белгілі Ухань үлгісімен салыстырып, вирустың ресейлік зертханадағы эволюциясын бақылады. Өңделген вирустар Vero жасуша желісінде өсіріліп, AYDAR-1 атты штамм алды. Дәл осы штамм "КовиВак" вакцинасының негізі болып отыр.

"КовиВактағы" әрекет етуші зат имумндық әсерді күшейтетін алюминий гидроксидін қоса алғанда көмекші молекулалармен бірге буферлік ерітіндіде жатады. Вакцина құрамында антибиотиктер мен консерванттар жоқ.

Басқа вакциналардан айырмашылығы

"КовиВак" дозасын салған кезде ине орнына қарай иммундық жасушалар жиналады. Олар өлі вирус бөлшектерін сау жасуша ретінде жіктеп, олармен күресуді бастайды. Нәтижесінде ағза қанында қорғаныш антиденелері синтезделеді.

Шынайы коронавирус инфекциясы пайда болған кезде бұл антиденелер бірден олардың көзін жояды. "КвиВак" та т-жасушалы иммунитет тудырады. Бірақ ол "Спутник V" вакцинасын салған кездегіден біршама төмен болады.

"Спутник V" және "ЭпиВакКоронамен" салыстырғанда "КовиВак" коронавирус бөлшектерінен дайындалған. Осылайша ағза әсері жойылған болса да, шынайы вирустың шағын мөлшерімен күресіп жаттығады. Мұндай жағдайда толыққанды антидене әсері қалыптасады.

Қолдану бойынша нұсқаулық

Вакциналауға сау күйде, барлық созылмалы және инфекциялық аурулардан толық айығып келу керек.

"КовиВак" вакцинасы 18-60 жас аралығындағы адамдар үшін коронавирустың алдын алуға арналған.

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі ұсынған нұсқаулыққа сәйкес, вакцина салар алдында антидене көлемін анықтауға арналған анализ тапсыру міндетті талап емес. Бұл ПТР-тестке де қатысты.

Сонымен қатар екпе салғызудан бір ай бұрын және бір ай кейін иммундық функцияны әлсірететін препарат қабылдауға тыйым салынады.

"КовиВак" екпесін қалай салады

Процедурадан бұрын міндетті түрде дәрігерге қаралып, дене қызуын өлшеп, эпидемиологиялық анамнезді жинап, сатурацияны өлшеп, жұтқыншақты тексеру шараларын жүргізу қажет. Бұл вакцина салуға тыйым салатын фактордың бар-жоғын анықтау үшін керек.

Медицина қызметкері вакциналаудан кейінгі ағзаның әсері туралы түсіндіріп, емдеу шарасын жүргізуге ерікті түрде келісім бергенін растайтын құжатты толтыруды ұсынады.

"КовиВак" препараты сұйықтық түрінде 0,5 миллилитр көлеміндегі бір дозалы ампула мен флаконға, сондай-ақ бес дозадан флакондарға құйылған. Ол 2-6 градус температурада тоңазытқышта сақталады. Сондықтан оны еріту қажет емес, екпе иықтың жоғарғы бөлігіне салынады.

Екпеден кейін не істеуге болмайды

Вакциналаудан кейін екпе салу кабинетінің жанында медицина қызметкерінің бақылауында шамамен жарты сағат отыру қажет. Бұл барлығына қатысты талап.

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі ұсынған нұсқаулыққа сәйкес, вакциналаудан соң моншаға, саунаға баруға, алкогольді ішімдік ішуге, ауыр жүктемесі бар спортпен айналысуға тыйым салынады. Ал екпе орнына үш күн бойы су тигізбеу туралы шартты кейбір мамандар дұрыс десе, кейбір дәрігерлер мұны ескірген талап деп санайды. Сондай-ақ "КовиВак" вакцинасын салғызғаннан кейін оқшауланудың қажеті жоқ. Өйткені оның құрамында тірі вирус жоқ.

Екпелер аралығы

"КовиВак" 14 күн аралығымен екі рет салынады. Екі дозаның құрамы мен көлемі бірдей. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта аралығы  21 күнге дейін ұзартылуы мүмкін.

Коронавирусқа қарсы антиденелер қашан қалыптасады?

Клиникалық зерттеулердің І-ІІ кезеңін жүргізу кезінде вакцинаның иммунологиялық тиімділігі бірнеше медицина орталығында тексерілді. Жетінші күні вакцина алғандардың ағзасында вирусты бейтараптандыратын антиденелер анықталған. Ал бірінші доза салынғаннан 42 күн өткен соң "КовиВак" салғызғандардың 85,7 процентінде имундық әсер қалыптасқан.

"КовиВак" вакцинасының шектеулері

Жануарларға жүргізілген клиникалық сынақтарға дейінгі зерттеулер "КовиВак" уытты емес және қауіпсіз екенін көрсетті. Адамдарға жүргізілген зерттеулер мұны растады.

Препарат нұсқаулығына сәйкес, вакциналаудан кейін жанама әсер үш тәулікке дейін созылуы мүмкін. Ине салған тұста ауырсыну, бас ауруы, дене қызуының аз уақытқа көтерілуі, аллергиялық реакция беруі, қан түйіндері ұлғаюы мүмкін.

Әсер ету ұзақтығы

"КовиВак" коронавирустан қаншалықты ұзақ уақытқа сақтайтыны әзірше белгісіз. Бұл 30 мың еріктіге жүргізілетін клиникалық сынақтардың үшінші кезеңі барысында анықталады. Чумаков орталығының бас директоры Айдар Ишмухаметов иммунитет сегіз ай бойы белсенді болатынын айтты.

Кімдерге вакцина салынбайды

"КовиВак" вакцинасы 18 жасқа толмаған және 60 жастан асқан адамдарға, жүкті және бала емізетін әйелдерге салынбайды. Сонымен қатар онкологиялық ауруы, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар және аллергиясы қозған адамдарға аталған вакцинаны қабылдауға тыйым салынған.

Сондай-ақ бұған дейін кез келген вакцинаға ауыр аллергиялық реакциясы бар адамдарға да салуға болмайды. Адам қатты демігетін жағдайда, инфекциялық ауру жұқтырғанда немесе созылмалы ауруы асқынған кезде де "КовиВакты" салуға шектеу бар.

Әзірше "КовиВак" Ресейдің басым өңіріне партияменн жеткізіліп жатқандықтан ол жылдам таусылып қалуда. Маусымның соңында миллион доза шығарылды.

Жаңалықтар
0