Спорт

Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

© REUTERS / LUIS ROBAYOКамшыбек Кункабаев на Олимпиаде
Камшыбек Кункабаев на Олимпиаде - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2021
Жазылу
Аса ауыр салмақ дәрежесінде мысырлық боксшымен жекпе-жекке шыққан Қамшыбек Қоңқабаев 5:0 есебімен басым түсті

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Токио Олимпидасында бокстан аса ауыр салмақ дәрежесі бойынша жекпе-жектер басталды. Бүгін рингке қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев шықты, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қоңқабаев алғашқы жекпе-жекте мысырлық Есри Мостафа Резкпен қолғап түйістірді. Бірінші раундта екеуі өте сақ қимылдады. Қамшыбектің қарсыласы бойшаң, қолы да ұзын. Дегенмен қазақстандық боксшы бірнеше соққысын дәл тигізді. Соның арқасында бірінші раунда бес төрешінің бәрі оған жоғары ұпай берді. Екінші раунд та Қоңқабаевтың пайдасына шешілді. Соңғы раунда мысырлық боксшы ештеңе істей алмады. Қорытынды есеп – 5:0.

Оқи отырыңыз: Елена Рыбакина Олимпиада финалына шыға алмады

Айта кетейік, Олимпиадада төрт боксшымыз қалды. Закир Сафиуллин (63 келі) мен Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген. Бүгін Әбілхан Аманқұл (75 келі) өзбек боксшысы Фанат Қахрамоновты айқын басымдықпен жеңді.

Ал Қазақстанның әйелдер командасы атынан Токио Олимпиадасына барған жалғыз боксшы Надежда Рябец (75 келі) бірінші жекпе-жекте ұтылса, Серік Теміржанов (57 келі) екінші айналымнан аса алмады. Бұдан бөлек, 69 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов америкалық боксшыға жол берді. Ал Василий Левит (91 келі) нокаутпен ұтылды. Әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов те бірінші жекпе-жекте ресейлік боксшыдан жеңіліп қалды.

Жаңалықтар
0