Өңірлер

Қызылорда облысында басқарма басшысы қамауға алынды

© Sputnik / Болат ШайхиновДеньги в руке, иллюстративное фото
Деньги в руке, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Шенеунік жеке кәсіпкерден 1 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысында мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Шенеунік жеке кәсіпкерден нысанды кедергісіз қабылдап, оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып бергені үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алғандығы әшкере болды.

Сот санкциясымен күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. 

Басқа ақпараттар тергеу құпиясына байланысты жарияланбайды.

Оқи отырыңыз: Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі алаяқтық жасағаны үшін сотталды 

Еске сала кетейік, 12 тамызда Алматыда алаяқтық жасады деп айыпталған бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековке қатысты үкім шығарылды.

Түрксіб аудандық соты Мұсайбековті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 62 миллион 394 мың теңге көлемінде айыппұл салды.

Жаңалықтар
0