Әлем

Тәлібтер Ауғанстанды басып алды: дәл қазір не болып жатыр

© AP Photo / Rahmat GulПалаточный лагерь афганских беженцев
Палаточный лагерь афганских беженцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2021
Жазылу
Тәлібтер басып алған соң Ауғанстан азаматтары эвакуациялық рейстер арқылы елден кетуге тырысып жатыр. Ал әлемдік қауымдастық қарапайым ауғандықтардың өмірі үшін жауапкершілікті Талибанға* жүктеді

АЛМАТЫ, 16 тамыз – Sputnik. Қазір Ауғанстанда дипломаттардан басқа Қазақстан азаматтары қалған жоқ. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазір Ауғанстанда Қазақстан азаматтары жоқ. Дипломаттар өз жұмысын жалғастырып жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Бұған дейін Қазақстан елшісінің Кабулда жұмысын жалғастырып жатқаны хабарланды. Ол жақта санаулы адам бар. Қызметкерлердің бір бөлігі елден шығарылды.

Ауғанстан президенті Қазақстанда емес

Сондай-ақ СІМ Ауғанстан президенті Ғани Ашфардың Қазақстанда емес екенін айтты. Ауғанстанның бұрынғы президенті Ғани Ашфар елден кетіп, жұбайымен бірге Өзбекстан арқылы Оманға "қырғынның бетін қайтару үшін" келді.

Ел басшылығы да Ауғанстаннан кетті.

Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне Ауғанстан азаматтары Қазақстанның әуе кеңістігін пайдаланды ма деген сұрақ қойды. Ресми орган нақты жауап беруге уәде етті.

РИА Новости Tolo News-ке сілтеме жасап Кабул халықаралық әуежайындағы барлық коммерциялық рейс тоқтатылғанын хабарлады. Сондай-ақ адамдарға көпшіліктен аулақ болу ұсынылған.

AFP Ауғанстаннан азаматтарды эвакуациялау кезінде тәртіпті қамтамасыз ететін АҚШ әскери күштері ұшу алаңына адамдардың топ болып жиналғанына байланысты аспанға ескерту оғын атқанын хабарлады.

"Қатты қорқамын. Олар ауаға оқ атып жатыр. Мен бір қызды таптап кеткенін көрдім, ол қайтыс болды", - дейді оқиға куәгерлері.

BFM телеарнасы оқиға куәгерлерінің Twitter-дегі бейнежазбаларын ұсынды. Ол жерде жүздеген адам кедергілер арқылы өтіп, Ауғанстаннан ұшып кету үшін ұшақтың қону жолақтарына көтерілуге тырысып жатыр. Видеодан қарудан оқ атылып жатқан дыбыстар естіледі.

РИА Новостиге дереккөздің хабарлауынша, АҚШ әскери күштері Кабул әуежайында ауғандықтарға оқ жаудырғаннан кейін бірнеше адам қайтыс болды.

Ауғанстандағы жағдайға Қазақстанның реакциясы

Кеше, 15 тамызда Тоқаев Ауғанстан бойынша шұғыл кеңес өткізді. Ол жерде Қазақстан Ауғанстандағы шиеленістің ушығуына алаңдайтынын және не болып жатқанын мұқият қадағалап отырғанын айтты. 16 тамызда мемлекет басшысы тағы бір кеңес өткізді, онда елдегі күштік құрылымдарға Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауды жалғастыруды тапсырды. Бұл осы елмен кейінгі ынтымақтастыққа қатысты шешімдер қабылдау үшін өте маңызды.

Талибан* шетелдік дипломатиялық миссия қызметкерлеріне зиян тигізбеуге уәде берді. Алайда Батыс елдері, атап айтқанда Германия мен Канада өз азаматтарын шұғыл түрде елден шығарып жатыр.

Алпыстан астам елдің бірлескен мәлімдемесінде 60-тан астам ел Ауғанстаннан кеткісі келетін шетелдіктер мен ауғандықтардың кетуін қамтамасыз етуге шақырды делінген. Олар Ауған жолдарын, әуежай мен шекараны ашық ұстауға және тыныштық сақтауға шақырды.

Тәлібтер режимінде өз өмірі үшін қорқатын Ауғанстан азаматтары елден кетуге тырысып жатыр. Дәл қазір оның жалғыз жолы – эвакуациялық рейстер. Бұған дейін Батыс әскери күштері әлі де күзететін Кабул әуежайынан видеолар жарияланды. Дәл сол жерде қазір АҚШ пен Францияның эвакуацияланған елшілігі орналасқан.

Сонымен қатар шілдеде БАҚ АҚШ-тың Тәжікстан, Қазақстан және Өзбекстаннан америкалықтарға науқан кезінде көмектескен 9 мыңға жуық ауғандықты уақытша қабылдауды сұрағаны туралы жазды. Алайда 15 тамызда Қазақстанның СІМ Ауғанстаннан босқындарды орналастыру туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Тәлібтер Ауғанстанды басып алды

16 тамызға қараған түні Талибан* Ауған астанасы – Кабул қаласы бақылауға алынғанын және соғыстың тоқтағанын мәлімдеді. Олар Ауғанстанның бүкіл аумағын, тіпті президент сарайын бақылауға алды.

Әлемдік қауымдастық қарапайым ауғандықтардың өмірі үшін жауапкершілікті Талибанға* жүктеді.

"Талибан"* радикалды қозғалысының содырларына жергілікті ауғандықтарға зиян келтірмеу, олардың өмірін, мүлкін және абыройын қорғау туралы бұйрық берілді, деді Катардағы "Талибан"* саяси кеңсесінің өкілі Сухейль Шахин. Сондай-ақ "Талибан"* Ауғанстандағы оқу орындарының жұмысына биліктің ауысуы кезінде кедергі жасамайтынын мәлімдеді.

Талибан* өкілі Мухаммад Наим тәлібтер әйелдер мен азшылықтың құқығын тек шариғат аясында ғана құрметтейтінін айтты.

Ауғанстанда бірнеше жылдан бері  үкімет "Талибан"* қозғалысының содырларымен қарсыласып келеді. Кейінгі бірнеше айда олар айтарлықтай аумақты басып алып, ірі қалаларға шабуыл жасады. 

*Талибан – Ауғанстандағы билікті басып алған діни экстремистік ұйым. Оған Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған.

Жаңалықтар
0