Әлем

Украина билігі неге тұрақтылықты қамтамасыз ете алмай отыр

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуПрезидент Украины Владимир Зеленский на пресс-конференции по итогам встречи в "Нормандском формате"
Президент Украины Владимир Зеленский на пресс-конференции по итогам встречи в Нормандском формате  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2021
Жазылу
Саясаттанушылар Украинаның дамуы мен болашаққа бағдарына қатысты пікір білдірді

МӘСКЕУ, 20 тамыз — Sputnik. Украина өзінің көптеген проблемаларына Ресейді кінәлауды әдетке айналдырған. Алайда Киев өзінің алғашқы экономикалық және ішкі саяси проблемаларымен алғаш рет 2014 жылдан біраз бұрын бетпе-бет келгенін мойындамай отыр. Елдегі дағдарыс тура 30 жыл бұрын – Кеңес Одағы ыдыраған шақта басталды.

Украина өз тәуелсіздігін жариялаған сәтте ең басты қателікке жол берді. Саясаттанушы Алексей Кочетковтың айтуынша, ел билігі кеңестік тарихтан құтылуға асығып, ұлтшылдыққа басымдық берілген мемлекет құруға тырысты.

"Елдегі бұл жаңа саясат Ресеймен текетірестің басы болатын. Себебі мемлекет ішіндегі "орыстар – украиндер" белгісі бойынша да қақтығыстардың болмауы мүмкін емес еді", - дейді ол.

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на заседании Нацсовета общественного доверия  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2020
Қоғам
Тоқаев Украина президентіне көңіл айтты
Украинаның екінші президенті Леонид Кучма ел билігі қолында тұрған шақта "Укарина – Ресей емес" деген атаумен кітап шығарды. Бұл еңбегін президент екі мемлекет арасындағы тарихтан келе жатқан ортақ мәселелерге емес, керісінше, украиндердің орыстардан айырмашылығына арнаған.

Алексей Кочетков дәл осы Кучма президент болған шақта ірі зауыттар мен кәсіпорындар жекешелендіріліп, бұл олигархтар тобының қалыптасуына алып келгенін айтты. Саясаттанушының пікірінше, бұл назар аударуға тұрарлық проблема.

"Кейбір кәсіпорындар жұмыс істеуге қауқарсыз болып қалды. Себебі КСРО жойылғаннан кейін сату нарығы да өзгерді, технологиялық тізбек те бүлінді. Сондықтан ол нысандар банкротқа ұшырап жатты. Мұндай жағдайда тұрақты саяси жүйенің қалыптасуы екіталай еді. Сондықтан мемлекет құрылысында ауқымды қиындықтар пайда болды", - дейді сарапшы.

Саясаттанушының айтуынша, елдегі заңдардың іс жүзінде қолданылуы мен сақталуы да күмән тудырды. Олай деуге бұрынғы президент Петр Порошенкоға қатысты лауазымды қызметті асыра пайдалану бойынша қылмыстық іс қозғалуы негіз.

Порошенконың ізін басушы, Украинаның қазіргі президенті Владимир Зеленский де олигархтармен күресу жайлы бірнеше рет айтты. Олигархтардың билікке ықпалын бәсеңдету Зеленскийдің сайлауалды бағдарламасына енген болатын. Алайда 2020 жылдың мамырында жүргізілген сауалнама бойынша украиндердің 71%-і Зеленский өз уәдесінде тұрмады деп санайтыны белгілі болды.

Осы жылы Украина парламентінің сайтында олигархтарды ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп ретінде қарастыратын заң жарияланды. Ал Владимир Зеленский Украинадағы ең ірі "1+1 медиа" медиатобы тиесілі Игорь Коломойскийге қарсы шыға бастады. Дәл осы медиахолдингтің құрамына кіретін "1+1" телеарнасы Зеленскийдің сайлауалды науқанының бір бөлігі болған "Халық қалаулылары" телехикаясын көрсеткен болатын.

"Киевтің ресми ортасында болып жатқан жағдай алдыңғы қателіктерді қайталаумен сипатталып отыр. Мұнда барлық мәселе күш қолдану арқылы шешіледі. 2004 жылғы Қызғылт сары революциясы мен 2013-2014 жылдардағы Еуромайданды атауға болады. Биліктегі адамдардың орны ауысқанымен, ықпал етуші тарап сол қалпында қалып отыр", - дейді саясаттанушы Владимир Корнилов.

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и председатель правительства РФ Михаил Мишустин - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2021
Саясат
Тоқаев Ресей премьер-министрімен кездесті
Бұрынғы одақтасына қарсы шығу әрекеті де Зеленскийдің имиджін күшейте алмады. Коронавирус салдарынан болған дағдарыс та президент рейтингіне кері әсер етіп отыр. Елдегі жағдай Украина пандемияға дайын емес екенін көрсетті.

"Зеленский тұрақты мемлекет құруға тырысқанымен, әзірше көзге түсетіндей нәтиже жоқ. Мемлекет азаматтардың алдындағы өз әлеуметтік міндеттерін орындай алмай отыр", - дейді РФ үкіметі жанындағы Қаржы университетінің проректоры, экономика ғылымдарының докторы Алексей Зубец.

Елдің ішіндегі шиеленіс билікті сыбайлас жемқорлық, өнеркәсіптегі дағдарыс, денсаулық сақтау секілді маңызды пролемаларға қатысты ойлануға итермелеуі керек. Алайда Киев Украинада тұратын азаматтардың туған тілін қолдануын шектейтін "Жалпы орта білім беру туралы" заңға қол қойды.

Сонымен қатар Украина декоммунизацияны шынайы проблема ретінде қарастырады. Ол Украинаның Коммунистік партиясына тыйым салумен көрініс тапты. Киев сондай-ақ кеңестік символикаға тыйым салды.

Бірақ саясаттанушы, "Оппозиционная платформа – За жизнь" партиясының басшысы Виктор Медведчук елдегі ең қауіпті адам ретінде танылған. Оған осы партия мүшелерінің "Ұлы Отан соғысындағы жеңісті ұлықтау" туралы пікірі себеп болды. Сауалнамаға қатысқан украиндердің 60%-і Медведчукты кінәсіз деп санайтыны белгілі болды.

Қалай болғанда да Ұлы Отан соғысындағы жеңістен бас тарту немесе орыс тілімен күрес елдегі жұмыссыздық пен дағдарыс мәселесін шешпейтінін қарапайым халық та түсініп отырған секілді. 

Жаңалықтар
0