Спорт

Дәулет Теміржан Паралимпиаданың "күмісін" жеңіп алды

© Официальный сайт Президента КазахстанаДаулет Темиржан гарантировал Казахстану третью медаль Паралимпиады
Даулет Темиржан гарантировал Казахстану третью медаль Паралимпиады - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2021
Жазылу
Дәулет Теміржан финалда өзбекстандық Саидов Феруздан ұтылды. Енді Қазақстан қоржынында бір "алтын", екі "күміс" бар

НҰР -СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Дзюдошы Дәулет Теміржан Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Olympic.kz.

Паралимпиада-2020: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

73 келі салмақта белдесетін отандасымыз алғашқы кездесуінде әзербайжандық Газимов Рамилді ұтса, ширек финалда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері және әлем чемпионатының жүлдегері, неміс Хоркас Николайдан басым түсті. 

Ақтық сынға жолдама үшін белдесуде грузиялық Калдани Джорджиді қапы қалдырды. Алтын жүлде үшін таласта өзбекстандық Рио Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Саидов Феруздан ұтылды.

Жаңалықтар
0