Видео

Суда және құрлықта: Халықаралық армия ойындарының бүкіл тарихы бір видеода

Жазылу
Халықаралық армия ойындарында қазақстандық әскери қызметшілер 11 жарыста ел намысын қорғап жатыр. Қазақстан аумағында 2 конкурс – "Артиллериядан оқ ату шебері" және "Сұңқар аңшылығы" өтеді

Халықаралық армия ойындары құрылардан алдын 2013 жылы танк биатлонынан халықаралық чемпионат өткізілді, оған Израиль, Армения, Беларусь, Ресей және Қазақстан командалары қатысты. 2014 жылы танк биатлонынан әлем чемпионатымен қатар әскери ұшқыштардың "Авиадартс" байқауы өтті, онда 12 елдің қатысушылары сайысты.

2015 жылы алғашқы Халықаралық армия ойындары өткізілді, онда 11 полигонда далалық, әуе және теңіз жаттығуларынан 13 жарыс ұйымдастырылды. Ойындарға 17 елден 57 команда қатысты. Оның ішінде Әзербайжан, Египет, Никарагуа, Пәкістан және Тәжікстанның әскери қызметшілері мұндай фарматтағы сайыстарға алғаш рет қатысты.   

2016 жылы ойындардың 2 сайысы "Артиллериялық атыс шебері" және "Снайпер шебі" Қазақстанда өткізілді.

Халықаралық армия ойындары биыл 22 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында 11 мемлекет – Қазақстан, Ресей, Алжир, Армения, Беларусь, Иран, Вьетнам, Катар, Сербия, Қытай, Өзбекстанның әскери полигондарында өтеді.

2021 жылғы ойындарға 43 елден 280-нен астам команда қатысып жатыр. Алты ел өз командасын алғаш рет жіберді. Жаңадан келгендердің арасында Бразилия, Буркина-Фасо, Камерун, Эквадор, Кипр, Малайзия бар.

Алғаш рет Вьетнам, Алжир, Катар және Сербия өз аумағында жарыстар өткізеді.

Бұл жетінші халықаралық армия ойындары. 2021 жылы Қазақстан Қарулы күштері 11 жарысқа қатысуда.

Қазақстандықтар сайыстарға 2015 жылдан бастап қатысады.

Халықаралық армия ойындары туралы осы және басқа да қызықты деректерді және олардың тарихы туралы видеодан көріңіз.

Жаңалықтар
0