Спорт

Токиодағы Паралимпиада: Қазақстан қоржынына төртінші медаль түсті

© Photo : НОК РКЗарина Байбатина завоевала серебро Паралимпиады
Зарина Байбатина завоевала серебро Паралимпиады - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2021
Жазылу
Бұған дейін дзюдошы Әнуар Сариев пен Теміржан Дәулет те күміс медаль ұтып алды. Пауэрлифтингтен Давид Дегтярев Паралимпиада чемпионы атанды

АЛМАТЫ, 29 тамыз — Sputnik. Қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина Токиода Паралимпиадада күміс медаль алды, деп хабарлады Olympic.kz.

Дзюдошы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды. Финалда Әзербайдан спортшысы Дурсадаф Каримовамен кездесті.

Жекпе-жекте азербайжандық спортшы жеңіске жетті. Зарина Байтабина күміс медаль алды.

Бұған дейін дзюдошы Әнуар Сариев пен Теміржан Дәулет те күміс медаль ұтып алды. Пауэрлифтингтен Давид Дегтярев Паралимпиада чемпионы атанды.

Қазақстанның паралимпиадалық құрамасында спорттың жеті түрінен 26 спортшы бар.

Паралимпиада Токиода 24 тамыз пен 5 қыркүйек аралығында өтеді.

Жаңалықтар
0