Қоғам

Диетолог егде жастағы адамдарға қауіпті тағамдарды атады

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуПосуда
Посуда - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2021
Жазылу
Шайға қант салуды, кәмпит пен басқа да тәттілерді жеуді әдетке айналдырмаған жөн

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Диетолог Михаил Гинзбург 60 жастан асқан адамдарға қанттан бас тартуға кеңес берді, себебі бұл өнім қарттар үшін қауіпті болуы мүмкін, деп хабарлады Народные Новости.

Школьники - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2019
Өңірлер
Дәрігер балалар күнде жеп жүрген өте зиянды 4 тағамды атады
Дәрігердің айтуынша, сондай-ақ тосап пен балдан бас тарту керек. Шайға қант салуды, кәмпит пен басқа да тәттілерді жеуді әдетке айналдырмаған жөн. Дәрігер қанттың тәуліктік максималды мөлшері 20 грамм екенін ескертті.

Гинзбург сонымен қатар күнбағыс майын пайдаланбауға кеңес берді, өйткені артық май қышқылдары егде жаста қабынуды тудырады, көңіл-күй мен мінез-құлыққа әсер етеді. Оны зәйтүн майымен алмастыруға болады.

Қызыл ет, атап айтқанда, шошқа, сиыр және қой еті де зиянды. Оның орнына құс пен балықты көбірек жеу керек. Еленген ұннан жасалған өнімдер, ақ нан, туралған батон, картоп, күріш те ағзаға зиянын тигізуі мүмкін.

Сарапшының айтуынша, қартайған кезде көкөністерді, сарымсақ пен пиязды көбірек жеу керек. Ашытқан сүт сусындарын, ірі дәнді дақылдарды тұтыну пайдалы.

Жаңалықтар
0