Саясат

Тоқаев пен Путин қатысатын форум қашан өтеді

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин и президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев
Президент РФ Владимир Путин и президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Бастапқыда форум 2020 жылдың қарашасында Көкшетауда өтуі керек еді, бірақ содан кейін  эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты басқа уақытқа ауыстырылды

АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин қатысатын өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы 2021 жылдың 28 және 30 қыркүйегінде онлайн форматта өтеді. "Экология және жасыл өсім саласындағы ынтымақтастық" тақырыбы талқыланады. Жиынға мемлекет басшылары қатысады", - деп хабарлады форумның ресми сайты.

Іс-шарада Жайық, Ертіс трансшекаралық су қоймаларының және басқа да ірі өзендер экожүйесін сақтау, биоалуантүрлілік, Каспий итбалығының популяциясы және климат өзгеруі мәселелері талқыланады.

Бұған дейін Кремльдің баспасөз қызметі Владимир Путиннің өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысатынын хабарлады.

Бастапқыда форум 2020 жылдың қарашасында Көкшетауда өтуі керек еді, бірақ содан кейін  эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты басқа уақытқа ауыстырылды.

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы 2003 жылы Омбыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуінен басталды. Екі елде кезекпен өтіп тұрады.

Бүгінде форум шекаралық формат шеңберінен шығып, екі елдің өзара іс-қимылының толыққанды тетігіне айналды.

2003 жылдан бастап форум Челябинск, Орал, Новосібір, Ақтөбе, Орынбор, Өскемен, Астрахань, Павлодар, Екатеринбург, Атырау, Сочи, Астана (қазір Нұр-Сұлтан), Петропавл, Омбы қалаларында өтті.

Бұған дейін өңіраралық форум 30 қыркүйекте Көкшетауда өтетіні хабарланды.

Оқи отырыңыз: 

Путин Тоқаевтың қандай адам екенін айтты

Тоқаевтың Қытай төрағасымен не туралы сөйлескені белгілі болды

Желіде Тоқаевтың бейресми кездесуінің суреті жарияланды

Жаңалықтар
0