Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған балалар түнде тамақ іздеуге шығып кеткен

CC0 / pixabay.com / Потерявшийся ребенок
Потерявшийся ребенок - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Әйел үйде ұйықтап жатқан балаларын қалдырып, танысымен ішімдік ішуге кетіп қалған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан тұрғынына балаларын қараусыз қалдырғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлады елорда сотының сайты.

Осы жылдың 14 қыркүйегінде әйел 5 және 3 жастағы жас сәбилерін үйде қараусыз қалдырған. Кейін түнгі уақытта балалары тамақ іздеп үйден шығып кетіп, көлік көп болатын көшеде жүрген.

"Сотта әйел кінәсін мойындады. Ол үйде ұйықтап жатқан балаларын қалдырып, танысымен ішімдік ішіп, содан соң қонақ үйден бөлме алып, сол жерде түнеуге қалып қойғаны анықталды. Ол өзінің балалары жайлы оқиғаны келесі күні таңертең бір-ақ білген", - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысымен балалардың анасы кінәлі деп танылып, 29 170 теңге (10 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Сонымен қатар сот өзінің жеке қаулысында кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдардың назарын осы фактіге аударды.

Қаулы күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0