НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Кейбір өнімдер бас сақинасынан құтылуға көмектеседі. Бұл туралы Eat This, Not That! басылымына диетолог Кэтрин Брукинг айтты.
Оның сөзінше, бас ауруы сирек мазалауы үшін мәзірде омега-3 болуға тиіс. Ол балық майы, сардин, анчоус, албырт, тунец, алабалық сынды балықтан алынады.
"Тиімділігі байқалсын десеңіз, балықты аптасына кем дегенде 2-3 рет жеу керек", - дейді диетолог.
Сондай-ақ балықты алмастыратын ұсақталған зығыр тұқымы мен чианы қолдануға болады. Оларда омега-3 албырт балығынан көп.
Диетолог оларды салат, смузи немесе джемге қосуға кеңес берді.
Бас сақинасынан арылуға грек жаңғағы да көмектеседі. Оның құрамында омега-3 қана емес, аурудың күші мен жиілігін азайтатын магний де бар.
Оқи отырыңыз:
- Нутрициолог кімдерге пияз жеуге болмайтынын айтты
- Диетолог егде жастағы адамдарға қауіпті тағамдарды атады
- Кімдерге күріштен бас тартқан жөн?