Спорт

Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионымен жұдырықтасады

© AFP 2024 / Yong Teck Lim Казахстанский боксер Жанибек Алимханулы
 Казахстанский боксер Жанибек Алимханулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2021
Жазылу
Қазақ боксшысы соңғы жекпе-жегін маусым айында өткізіп, америкалық Роб Брантты жеңген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан –  Sputnik. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0-0, 6 KO) бұрынғы әлем чемпионымен жұдырықтасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан BoxingScene.com сайтына сілтеме жасап.  

29 жастағы боксшымыз өзінен 8 жас үлкен бұрынғы әлем чемпионы Хассан Н’Дам Н’Жикамға (38-5-0, 21 KO) қарсы шығады.

Айта кетері, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін маусым айында өткізіп, америкалық Роб Брантты (26-3-0, 18 KO) жеңді. Ал француз Н’Жикам шілде айында венгр Габор Горбичтен басым түскен.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0