Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Күнтізбе кейіпкерлері - өрт сөндірушілер: жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады

Жазылу
Австралиялық өрт сөндірушілер 2022 жылдың күнтізбесі үшін кезекті рет суретке түсті. Сымбатты дене бітімі көз сүйсіндіретін құтқарушылар үшін мұндай фотосессия дәстүрге айналған

Биылғы суреттер де интернетте кеңінен таралып кетті. Ал бұл сурет кейіпкерлері үшін ұтымды болып отыр. Себебі күнтізбе төңірегіндегі шу мен танымалдылық ақшаның көбірек түсуіне және жиналған қаражатты жануарларға көмек көрсетуге бағыттауға мүмкіндік береді.

Осы жылы бүкіл әлемге танымал күнтізбенің бірнеше нұсқасы жарық көреді: классикалық күнтізбеде құтқарушылар өздері ғана суретке түссе, мысық, коала, күшік сынды жан-жануарлармен бірге түскен сүйкімді суреттері тағы бар.

Жануарлар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспана салу бағдарламасына қолдау көрсету үшін күнтізбе 2022 жылы Greater Good Charities қайырымдылық ұйымдарымен бірікті.

Осы күнтізбеге онлайн тапсырыс беріп, қайырымдылыққа үлес қосуға болады. Барлық қаражат қайырымдылық мақсатқа жұмсалады.

Әзірше австралиялық құтқарушылардың желіні шулатып жатқан суреттерін біздің топтамадан тамашалай аласыз.

© Photo : Australian Firefighters Calendar / Matt Ross VicАвстралиялық құтқарушылардың жартылай жалаңаш суреті бейнеленген күнтізбе қазір әлемде кеңінен танымал. 2022 жылы австралиялықтар күнтізбе түрін классикалық, жазғы, мысық-итпен, жылқы немесе басқа да экзотикалық жануармен түскен сурет ретінде түрлендіре түсті.
Снимок Matt Ross Vic - Cat из австралийского календаря пожарных Australian Firefighters Calendar 2022 - Sputnik Қазақстан
1/12
Австралиялық құтқарушылардың жартылай жалаңаш суреті бейнеленген күнтізбе қазір әлемде кеңінен танымал. 2022 жылы австралиялықтар күнтізбе түрін классикалық, жазғы, мысық-итпен, жылқы немесе басқа да экзотикалық жануармен түскен сурет ретінде түрлендіре түсті.
© Photo : Australian Firefighters Calendar / Dennis Arff1993 жылдан бері Австралиядағы қалалық, ауылдық, авиация, қарулы күштер немесе корпоративті өрт сөндіру қызметіндегі құтқарушылар есте қалатындай күнтізбе дайындау үшін бас қосады. Бірнеше аптаға созылған түсірілімнен кейін олардың суреттері жыл сайынғы күнтізбеге топтастырылады. Бұл күнтізбе бүкіл әлем бойынша жоғары тиражбен таратылады.
Снимок Dennis Arff - Mixed Animal из австралийского календаря пожарных Australian Firefighters Calendar 2022 - Sputnik Қазақстан
2/12
1993 жылдан бері Австралиядағы қалалық, ауылдық, авиация, қарулы күштер немесе корпоративті өрт сөндіру қызметіндегі құтқарушылар есте қалатындай күнтізбе дайындау үшін бас қосады. Бірнеше аптаға созылған түсірілімнен кейін олардың суреттері жыл сайынғы күнтізбеге топтастырылады. Бұл күнтізбе бүкіл әлем бойынша жоғары тиражбен таратылады.
© Photo : Australian Firefighters Calendar / Ben Church & group shotҚұтқарушылар күнтізбесі алғаш шыққан уақыттан бері бүкіл Австралия бойынша түрлі қайырымдылық ұйымға үш миллион доллардан астам қаражат ұсынған.
Снимок  Ben Church & group shot - Summer Edition из австралийского календаря пожарных Australian Firefighters Calendar 2022 - Sputnik Қазақстан
3/12
Құтқарушылар күнтізбесі алғаш шыққан уақыттан бері бүкіл Австралия бойынша түрлі қайырымдылық ұйымға үш миллион доллардан астам қаражат ұсынған.
© Photo : Australian Firefighters Calendar / Mitch NswАвстралиялық өрт сөндірушілер күнтізбесі қайырымдылықты насихаттап, адамдарды спортпен айналысуға және қорғансыз жануарларға көмектесуге шақырады.
Снимок  Mitch Nsw - Dog из австралийского календаря пожарных Australian Firefighters Calendar 2022 - Sputnik Қазақстан
4/12
Австралиялық өрт сөндірушілер күнтізбесі қайырымдылықты насихаттап, адамдарды спортпен айналысуға және қорғансыз жануарларға көмектесуге шақырады.
© Photo : Australian Firefighters Calendar / Richard QldОтыз жылға жуық уақыттан бері Австралиядағы батыл құтқарушылар күнтізбе сатылымынан түскен қаражатты қайырымдылыққа жолдап келеді.
Снимок Richard Qld - Horse из австралийского календаря пожарных Australian Firefighters Calendar 2022  - Sputnik Қазақстан
5/12
Отыз жылға жуық уақыттан бері Австралиядағы батыл құтқарушылар күнтізбе сатылымынан түскен қаражатты қайырымдылыққа жолдап келеді.
© Photo : Australian Firefighters Calendar / Ben Wallace VicКүнтізбенің сымбатты кейіпкерлері жыл сайын жоғары кәсіби маманның қадағалауымен түрлі бейнеде суретке түседі.
Снимок  Ben Wallace Vic - Classic из австралийского календаря пожарных Australian Firefighters Calendar 2022 - Sputnik Қазақстан
6/12
Күнтізбенің сымбатты кейіпкерлері жыл сайын жоғары кәсіби маманның қадағалауымен түрлі бейнеде суретке түседі.
© Photo : Australian Firefighters Calendar / Ben Church WaДене бітімінде мін жоқ ер-жігіттер күнтізбе арқылы салауатты өмір салтын ұстануға үндейді. Бүгінде бүкіл әлемде құтқарушылардың табынушылары қалыптасып үлгерген.
Снимок Ben Church Wa - Summer Edition из австралийского календаря пожарных Australian Firefighters Calendar 2022 - Sputnik Қазақстан
7/12
Дене бітімінде мін жоқ ер-жігіттер күнтізбе арқылы салауатты өмір салтын ұстануға үндейді. Бүгінде бүкіл әлемде құтқарушылардың табынушылары қалыптасып үлгерген.
© Photo : Australian Firefighters Calendar / Matt H WaМұның барлығы игі мақсатта жасалуда: күнтізбе сатылымынан түскен барлық қаражат тек қайырымдылыққа жұмсалады.
Снимок Matt H Wa Summer Edition из австралийского календаря пожарных Australian Firefighters Calendar 2022 - Sputnik Қазақстан
8/12
Мұның барлығы игі мақсатта жасалуда: күнтізбе сатылымынан түскен барлық қаражат тек қайырымдылыққа жұмсалады.
© Photo : Australian Firefighters Calendar / Nathan NswАвстралиялық құтқарушылар балалар госпиталіне қолдау көрсету мақсатында 1993 жылы алғаш рет суретке түскен. Кейіннен басқа да мұқтаждарға көмектесу үшін бұл шара дәстүрге айналды.
Снимок  Nathan Nsw - Summer из австралийского календаря пожарных Australian Firefighters Calendar 2022 - Sputnik Қазақстан
9/12
Австралиялық құтқарушылар балалар госпиталіне қолдау көрсету мақсатында 1993 жылы алғаш рет суретке түскен. Кейіннен басқа да мұқтаждарға көмектесу үшін бұл шара дәстүрге айналды.
© Photo : Australian Firefighters Calendar / Dave QldОлар әсіресе жан-жануарларға белсенді көмектесу арқылы Австралия фаунасына қамқорлық танытып отыр.
Снимок  Dave Qld- Cat из австралийского календаря пожарных Australian Firefighters Calendar 2022 - Sputnik Қазақстан
10/12
Олар әсіресе жан-жануарларға белсенді көмектесу арқылы Австралия фаунасына қамқорлық танытып отыр.
© Photo : Australian Firefighters Calendar / Dennis Arff29 жыл ішінде The Australian Firefighters Calendar жобасы түрлі қайырымдылық шарасы үшін үш миллион доллардан астам қаражат жинады.
Снимок  Dennis Arff - Summer Edition из австралийского календаря пожарных Australian Firefighters Calendar 2022 - Sputnik Қазақстан
11/12
29 жыл ішінде The Australian Firefighters Calendar жобасы түрлі қайырымдылық шарасы үшін үш миллион доллардан астам қаражат жинады.
© Photo : Australian Firefighters Calendar / Ricky QldКүнтізбе сатып алу арқылы қайырымдылыққа үлес қосатыныңызды ұмытпаңыз.
Снимок Ricky Qld - Summer Edition из австралийского календаря пожарных Australian Firefighters Calendar 2022 - Sputnik Қазақстан
12/12
Күнтізбе сатып алу арқылы қайырымдылыққа үлес қосатыныңызды ұмытпаңыз.
Жаңалықтар
0