Спорт

Альберт Линдердің өлімі: қылмыстық іс жабылды

© Photo : Пресс-служба Федерации тяжелой атлетики КазахстанаКазахстанский тяжелоатлет, многократный чемпион Казахстана Альберт Линдер
Казахстанский тяжелоатлет, многократный чемпион Казахстана Альберт Линдер - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Жазылу
Құраманың бапкері Седов Альберттің проблемасы Риодағы Олимпиада алдында допинг нәтижесі кезінде басталғанын айтқан
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Альберт Линдердің өлімінен кейін тіркелген "Өз-өзіне қол салуға жеткізу" бабы бойынша тіркелген қылмыстық іс жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Полиция басқармасының хабарламасында іс қылмыстық құрамның жоқтығы себепті Қылмыстық процессуалдық кодекстің 2-бабы 2-тармағы бойынша жабылғаны айтылған.
"Істің жабылғаны туралы хабарламаны мен 19 қарашада алдым. Олар екі ай озып, соңында қағаз жіберіп құтылды. Мен тергеушіге қоңырау шалып, жала жабу туралы құжаттардың неге қаралмағынын сұрадым. Ол бұл мәселе келісіліп жатқанын айтқан", - дейді спортшының анасы Наталья Линдер.
Анасының айтуынша, Олимпиаданың қола жүлдегерлері Карина Горичева мен Игорь Сон, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Зелимхан Абубакаров та тергеуге қатысты. Сонымен қатар құраманың бас бапкері Сергей Седовтан жауап алынды.
"Бетпе-бет жауап алу кезінде бапкерден допинг-бақылауды қай зертхана жүргізгені туралы сұралды. Оның Альберттің допинг нәтижесі "лас" екенін қайдан білгені туралы жауап алынды. Ал бапкер болса бақылау бейресми жасалғанын және қай зертхана жасағаны есінде жоқ екенін айтты", - дейді анасы.
Бүгінгі күні Альберт Линдердің анасы "Жала жабу" бабы бойынша арыз жазды. Өйткені қыркүйек айында КТК арнасына берген сұхбатта Седов Альберттің проблемасы Риодағы Олимпиада алдында допинг нәтижесі кезінде басталғанын айтқан.
"Седов Альбертің өлімінен кейін БАҚ-қа сұхбат берді. Сол кезде ұлымның төрт допинг нәтижесі "таза" болғанын, бесіншісі "лас" болып шыққанын айтты. Сол жерде ол допингтік компанияның қалай келіп сынама алатыны туралы да сөз қозғаған. Содан кейін біз Альберттің 29 допинг бақылаудан өткенін, оның бәрі таза екенін білдік. Мен бұл факт бойынша полицияға арызданып, құжаттарды ұсындым", - дейді Наталья Линдер.
Ұлттық антидопингтік орталықтың құжатында Альберт Линдердің 29 допинг-бақылаудан өткені, олардың бәрі "таза" екені туралы жазылған.

Альберт Линдердің өлімі

Альберт Линдер 17 қыркүйек күні көз жұмды. Ол небәрі 25 жаста болатын. Спортшы өз-өзіне қол салды. Линдер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы және Азия чемпионы болған. Универсиадада жеңімпаз атанып қана қоймай, рекордқа да қол жеткізді.
Алматы облыстық полиция департаменті ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Ауыр атлетика федерациясы тергеуге қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізді.
Қазақстандық ауыр атлеттер Линдердің өлімінен кейін өз медальдерін қоқысқа лақтыра бастады. 
"Альберт Линдердің қазасынан кейін бір нәрсені түсіндім – қан мен тердің арқасында тапқан мына медальдердің енді маған керегі жоқ. Халқым үшін емес, кей адамдардың пайдасы үшін көп жыл маңдай терімді төгіп еңбектеніп, жаттығып, жарыстарға қатысқанымды біле тұра, бұл медальдерді қалдыра алмаймын", - деді ауыр атлет Михаил Макеев.
Альберттің інісі Семен Линдер құрамының аға бапкері Сергей Седов тәрбиеленушілеріне қол жұмсағанын айтты. 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Карина Горичеваның айтуынша, ол Седовтан әлі күнге дейін қорқады.
Осыған байланысты ауыр атлетика федерациясының ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седов қызметінен шеттетілді. 

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0